«Қорқыт Ата» спектаклінің премьерасы болып өтті

Қойылым Тоқтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік Академиясы драма театрында болды.

617514
«Қорқыт Ата» спектаклінің премьерасы болып өтті

Қырғызстанда «Қорқыт Ата» спектаклінің премьерасы болып өтті.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың қолдауымен жүзеге асырылған жоба аясында театр туындысын Қайрат Иманалиев жазып шықты.  Қойылым Тоқтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік Академиясы драма театрында болды.

Қырғызстандағы премьераға Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қырғыз Республикасы Мәжіліс төрағасы Чыныбай Тұрсынбеков,  Қырғызстан мәдениет, информация және туризм министрі Түгелбай Казаков, Қырғызстан Президенттік бас хатшысының орынбасары Мира Карыбаева да қатысты.

Шараның салтанатты ашылу баяндамасын оқыған Дүйсен Қасейінов «Қорқыт Ата – түркі әлемінің ортақ құндылығы. Осы жоба арқылы қырғыз халқы Қорқыт Атаны жақыннан танып, болашақ ұрпаққа мәдениетімізді жеткізіп қана қоймайды,  сонымен бірге басқа өнер салаларында да жаңа туындылардың шығуына ықпалы тиеді. Қырғыз халқы Манас дастанын қалай сақтап қалған болса,  Қорқыт Атаны да қорғайтынын көрсетті» деді.

Қойылымнан кейін Қырғыз Республикасы мәжіліс төрағасы Чыныбай Тұрсынбековқа Түріксойдың «Жүсіп Хас Хажип» медалы,  туындының авторы Қайрат Иманалиевке «Халдун Танер» медалі, ойыншыларға да Түріксойдың «Қорқыт Ата» медалі табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар