Жастарды қорғау керек

Вице-премьер «Экстремизмге қарсы күресте жастардың ролі» атты конференцияға қатысты.

593596
Жастарды қорғау керек

Вице-премьер Тугрул Түркеш террор ұйымы және бұрмаланған түсініктерге қарсы жастарды қорғау керектігін айтты.

Тургул Түркеш Стамбулда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі және БҰҰ Өркениеттер альянсы бірігіп ұйымдастырған «Экстремизмге қарсы күресте жастардың ролі» атты конференцияға қатысты.

Бағдарламаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген вице-премьер жастардың террор ұйымдарының нысанасында екенін айтты.

«Жастар тарих бойы өзгеріс, жаңалану және өзгеше болашақ талаптарымен келешекке пішін беріп келді. Маңыздысы – өзгеріс пен талапты айту әдісі. Террор ұйымдары мен бұрмаланған түсініктер оларды өзгерісті тек күш қолдану арқылы жасай аламыз деп алдайды.  Оларға қарсы жастардың санасын жетілдіруіміз керек» деді ол.

Тургул Түркеш жастарды қорғауда медианың маңызына да тоқталды.

Сөз бостандығы мен күш қолдануды ынталандыру арасындағы шекараны қорғауда медиаға маңызды міндет жүктелетінін атап көрсеткен Түркеш: «Бүгін ДАИШ-ке қосылған адам саны артқан сайын осы тақырып Еуропа елдерінде күн тәртіптің басты мәселесіне айналды» деді.



Ұқсас жаңалықтар