Қырым Татар ұлттық мәжілісіне тыйым салынды

Порошенко осы шешімге «Сталиннің бастаған істері жалғасуда» деп наразылық білдірді.

580023
Қырым Татар ұлттық мәжілісіне тыйым салынды

Ресейде Мәскеу Жоғарғы соты Қырым Жоғарғы сотының Қырым Татар ұлттық мәжілісінің радикал ұйым ретінде қабылдануы және Ресейде тыйым салынуы шешімін бекітті.

Украина президенті Петро Порошенко осы шешімге «Сталиннің бастаған істері жалғасуда» деп наразылық білдірді.

Украинаның бас қаласы Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Қырым Татар ұлттық мәжілісіне қолдау көрсету үшін акция ұйымдастырылды.

Қырым татарлары,  халықаралық және Украинадағы құқық қорғаушы ұйымдардың өкілдері мен депутаттар бас қосты.

Акцияға шыққандар «Қырым Татар ұлттық мәжілісіне тыйым салу – халыққа тыйым салу» деді.

Қырым Татар ұлттық мәжілісі болса осы шешімге байланысты Еуропа Адам құқықтары сотына жүгінеді.



Ұқсас жаңалықтар