Ясауи Университетінде жаңа оқу жылы ашылды

Салтанатты ашылу жиынында Ясауи стадионы да қызметке берілді.

567191
Ясауи Университетінде жаңа оқу жылы ашылды
yesevi2.jpg
yesevi1.jpg

Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи Университетінде жаңа оқу жылы ашылды.

Салтанатты ашылу жиынында Ясауи стадионы да қызметке берілді.

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Профессор Муса Йылдыз, Өкілетті кеңес мүшесі Профессор Мухиттин Шимшек, Ректор Профессор Уалихан Әбдібеков, ректор орынбасары Профессор Мехмет Куталмыш және басқа да басшылар қатысты.

Жиын барысында Профессор Муса Йылдыз Түркістан қаласында ашылған Ясауи стадионын ашты. Профессор стадионның жас,  мықты,  спорт рухы жоғары және дені сау ұрпақтардың жетілуіне себепші болып, бүкіл түркі әлемі студенттеріне құтты болуын тіледі.

Өкілетті кеңес төрағасы сонымен бірге жаңа оқу жылында студенттерге мол табыс тілейтінін білдірді.

Ресми баяндамалардан кейін 2016 Рио олимпиадасында жеңімпаз атанған осы университеттің студенті Дидар Хамзаға 250 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.

Университеттің 25 жылдығына орай да оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлеріне де түрлі марапаттар берілді.

Рәсім университеттің түрік және қазақ қызметкерлерінен тұратын екі команданың достық матчымен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар