Джамала Стамбулда концерт берді

Джамала концертінде көптеген әнді түрік тілінде шырқады.

Джамала Стамбулда концерт берді
Қырым татар әншісі Джамала Стамбулда концерт берді
Қырым татар әншісі Джамала Стамбулда концерт берді

Қырым татар әншісі Джамала Стамбулда концерт берді.

Қырым татар әншісі Джамала Стамбулда концерт берді.

Концертте ағылшын және түрік тілдерінде ән шырқаған Джамала «Атамекен» әнін орындау алдында «Біз Отаннан басқа жерде өмір сүрудің не екенін жақсы білеміз. Отанымыздан алыс жерде сүргінге келдік.  Бірақ басымызды сұғатын бір Ата мекеніміз бар екенін де жақсы білеміз. Отан үшін қаза тапқан барлық шәйіттерді құрметпен еске аламын» деді.

Eurovision Ән байқауында өзіне бірінші орын алып берген «1944» әнін шырқаған татар қызына тыңдармандар да түрік және Қырым байрақтарымен қолдау берді.

Джамала «Енді сіздердің рұқсатыңыз болса, сахнаға маған өмір мен Отан махаббатын үйреткен әкемді шақырамын» деп әкесі Әлім Джамаддиновты сахнаға шақырды.  Әкесінің аккордеонмен сүйемелдеуінде Джамаланың «Мені қайғыдан азат ет» атты әні тыңдармандарды өзіне тәнті етті.

Джамала концертінде түрік тілінде көптеген ән шырқады.



Ұқсас жаңалықтар