Ресей Қорғаныс министрі Бакуде

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жұмыс сапармен Әзірбайжанға барды.

551859
Ресей Қорғаныс министрі Бакуде

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Әзірбайжан мен Ресей қатынастарының жоғары деңгейде болуының аймақтағы қауіпсіздік проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жұмыс сапармен Әзірбайжанға барды.

Алиев кездесуде Ресей мен Әзірбайжан арасындағы әскери ынтымақтастықтың табыспен жүзеге асырылғанын айтты.

Алиев Шойгуның сапарының екі ел арасындағы әскери қатынастардың дамуына үлес қосатынын білдірді.

Ресей Қорғаныс министрі де Путиннің Әзірбайжанға сапарының екі ел арасындағы әскери қатынастың дамытылуы тұрғысынан маңызды екенін атап көрсетті.

Ресейде өткен Халықаралық Әскери ойындарда Әзірбайжан Қарулы күштерінің белсенділігіне орай алғыс білдірген Шойгу Баку байланыстарында Алиев пен Путин кездесуінде келісілген тақырыптардың жүзеге асырылуы үшін талқылау жүргізетіндерін айтты.

Шойгуның Әзірбайжандағы сапары бүгін де жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар