Тарға тыйым салынды

Өзбекстанда өзбек шығармаларының тек өзбектің ұлттық аспабымен орындалуы шешімі қабылданды.

544142
Тарға тыйым салынды

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған өзбектер ұлттық сананы орнықтыру тақырыбында қадамдарын жалғастыруда.

Өзбекстанда өзбек шығармаларының тек өзбектің ұлттық аспабымен орындалуы шешімі қабылданды.

Азаттық радиосының хабарына қарағанда өзбек басшылар өзбек шығармаларының «тар» атты музыкалық аспаппен орындалуына тыйым салды.

Өзбекстан әскери оркестрі де бұдан бұрын осы аспапты қолданбауға шешім берген болатын.

Тар аспабы Иран, Әзірбайжан,  Грузия, Армения және ішінара Түркияда қолданылады.

Өзбекстанда аталмыш музыкалық аспап парсы мәдениетінен келген деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар