Минск тобынан шақыру

Ұйым екі елді Таулы Қарабахта миссияның кеңейтілуіне кедергі болмауға шақырды.

517923
Минск тобынан шақыру

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобы Армения мен Әзірбайжанға шақыру тастады.  Ұйым екі елді Таулы Қарабахта миссияның кеңейтілуіне кедергі болмауға шақырды.

ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағалары Ресей өкілі Игорь Попов, Америка Құрама Штаттары өкілі Джеймс Варлик пен Франция өкілі Пиер Андрью ортақ мәлімдеме жариялап,  «Әзірбайжан мен Арменияны ЕҚЫҰ төрағасының арнайы өкілі Андрей Каспжиктің миссиясының кеңейтілуінің алдындағы барлық кедергілерді жоюға шақырамыз» деді.

Тең төрағалар Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тергеу механизмдерінің атқарылуын да ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар