Путин, Алиев және Саркисян Санкт-Петербургте бас қосты

Басшылар саммитте Таулы Қарабах мәселесін қолға алды.

515232
Путин, Алиев және Саркисян Санкт-Петербургте бас қосты

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан президенті Илхам Алиев пен Армения президенті Серж Саркисян Таулы Қарабах мәселесінің шешімі аясында кеше Санкт-Петербург қаласында бас қосты.

Константиновский сарайында жүзеге асқан үштік саммиттің артынан ортақ декларация жарияланды.

Кремль интернет парақшасынан жарияланған декларацияға қарағанда Алиев пен Саркисян Әзірбайжан мен Армения арасында 16 мамыр күні Венада қабылданған майдан желісінде тұрақтылықты пен Таулы Қарабахта бейбітшіл кезеңнің толықтырылуын қамтамасыз ететін атмосфераны құру шешімін бекітті.

Алиев пен Саркисян бұл мақсатпен қақтығыс аймағында халықаралық бақылаушы санын арттырылуын қабылдады. Екі басшы атысты тоқтату жалғасуын ризашылықпен қарсы алғандарын білдірді.

Таулы Қарабах тақырыбында егжей-тегжейлі көзқарас алмасқан Алиев пен Саркисян мәселенің шешіміне бағытталған шарттарды қамтамасыз ететін кейбір тақырыптар жөнінде келісті.

Басқа жағынан Ресей президенті Путин жиналыс алдында Алиев және Саркисянмен оңаша кездесті.

Путинмен кездесуінде Алиев Ресей мен Минск тобының басқа мүшелердің Таулы Қарабахта қазіргі жағдайдың қабылданбайтыны жөніндегі мәлімдемелерін еске салып, «Біз осы сөздерді қолдаймыз. Бірақ жағдайдың өзгерту үшін алдымен Әзірбайжан жерінде 20 жылдан астам мерзімнен бері жалғасып жатқан басқыншылықты жойылу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар