Жоғалып кеткен Қырым татарлары

Ресей аннекциясынан бері 15 татар жоғалып кеткен.

Жоғалып кеткен Қырым татарлары

Қырым Татар Ұлттық мәжілісінің төраға орынбасары Нариман Джелалов Ресейдің аннекциясынан бері түбекте шамамен 15 татардың жоғалып кеткенін айтты.

Радио Свободаның хабарына қарағанда Джелалов Қырым аннекцияланғаннан бері кейбір Қырым Татар азаматтарының алып қашырылғанын немесе жоғалып кеткенін білдірді.

Оның айтқанына қарағанда жоғалып кеткен Қырым Татарларының кейбірі бір мезгілден кейін өлі күйінде табылды. Жақында  жоғалып кеткен Ервин Ибрахимовтың саясат қайраткерлерін қорқыту үшін алып қашырылған болуы мүмкін.

24 мамыр күні жоғалып кеткен Ервин Ибрахимовтың көлігі үйіне жақын жерде табылды.

Артынан орыс жол полициясының киімін киген кейбір адамдардың Ибрахимовты алып бара жатқан көріністері ортаға шықты.

Қырымдағы орыс прокуратурасы мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиғаның тексерілуі үшін берілген өтінішті қабылдамады.



Ұқсас жаңалықтар