Түркия Қырым татарларының жанында

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич Қырым сүргінінің 72 жылдығына байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Түркия Қырым татарларының жанында

Түркия Қырым татарларының демократиялық, бейбіт және орынды күрестерінде жанында болады.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич Қырым сүргінінің 72 жылдығына байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Билгич Қырым татарларының 1944 жылы сол кездегі Кеңес Одағы басшылары тарапынан жер аударылуын «Тарихқа жазылған қара дақ» деп атады және «Түркия ретінде осы этникалық тазалықты айыптаймыз» деді.

Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннекциялағанын да еске салған Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы: «Демократиялық,  бейбіт және орынды күрестерінде Қырым татарларының жанында болуды жалғастырамыз» деді.

Қырым татарлары Кеңес Одағының сол кездегі басшысы Сталиннің бұйрығымен 1944 жылы 17 мамырды 18 мамырға байланыстырған күні түнде отандарынан күштеп жер аударылды. Әйел, бала-шаға, қария деместен барлығы адамдыққа жатпайтын шарттарда Орталық Азия,  Орал және Сібірге жер аударылды.



Ұқсас жаңалықтар