Анкарада VI Түркология күні болып өтті
Жиналысты Анкара Университеті Тіл және тарих-жағрапия факультеті ұйымдастырды.
Түрік тілінің болмысы үшін VI Түркология күні жиналысы Анкара Университеті Тіл және тарих-жағрапия факультеті Фараби залында ұйымдастырылды.
Жыл сайын мамыр айының алғашқы аптасында ұйымдастырылған Түркология күні жиналысының алтыншысы Түрік диалектілері және әдебиеттері кафедрасы басшылығында Түркия және Түркі әлемінің әртүрлі аймақтарынан келген ғалымдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Түркология күні жиналысы ұйымдастыру комитеті төрағасы Рыза Хейет ашылу рәсімінде Түркі әлемінің әртүрлі аймақтарында ана тілі ретінде қолданылған түрік тілін оқыту және мәселелері жайлы мағлұмат берді.
Кафедра меңгерушісі Сема Барутчу Өзөндер болса Түркология күнінің маңызына тоқталып, аталмыш күннің ауқымын кеңейтіп, басқа түркітілдес республикаларда да ұқсас жиындар өткізуге болатынын меңзеді.
Екі отырыста өткен Түркия, Иран және Канададан қатысушы ғалымдар баяндама оқыған жиналыста Ауғанстан, Иран, Саха және Тыва сияқты түркі жұрттарында түрік тілін оқыту жағдайы, түрік ұғымы мен Иранда тарих жазу тақырыптары қолға алынды.