Түркі әлемі Шекиде табысты

Шеки қаласында осы аяда Түріксойдың Баспасөз сыйлықтары да берілді.

480792
Түркі әлемі Шекиде табысты

2016 Түркі әлемі Мәдениет астанасы Әзірбайжанның Шеки қаласы Түріксой, Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрлігі және Шеки акиматы ынтымақтастығымен көркем ашылу салтанатына сахна болды.

29 сәуір күні Шеки қаласындағы тарихи Хан Сарайының ауласына салынған Мәдениет астанасы ауылында өткен іс-шарада Түріксойға мүше елдердің өнерпаздары сахнаға шығып, Әзірбайжан қол өнері және фольклорынан үзінділер көрсетілді.

Мәдениет астанасы ашылу салтанатының мәнін арттырған басқа бір шара болса Түріксойдың дәстүрлі Баспасөз сыйлықтары рәсімі болды.

2016 Шеки -  Түркі әлемі Мәдениет астанасы ашылу салтанатына Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрі Ебулфез Гараев, БҰҰ Өркениеттер альянсы төрағасы Насыр Абдулазиз әл Насыр мен Шеки әкімі Елхан Усубовпен бірге дипломатиялық миссия өкілдері, депутаттар мен қонақтар қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркі әлемі Мәдениет астанасы бағдарламасының мәдениет және өнер тіршілігін жандандырғанын айтты.

Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрі Ебулфез Гараев та Әзірбайжан қаласы, түрік қаласы және Шеки қаласының бір-бірімен мағыналас екенін айтты.  Шекидің әлем көлемінде мәдениет астанасы екенін білдірген министр Гараев «Әзірбайжан мәдениетін Шекисіз ойлау мүмкін емес» деді.

Баяндамалардан кейін 2016 Шеки Түркі әлемі Мәдениет астанасы ашылу салтанаты аясында Әзірбайжан,  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркиядан келген  өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Шеки қаласында осы аяда Түріксойдың Баспасөз сыйлықтары да берілді.

«Бірлікте тірлік бар» деген ұранмен арнайы дайындалған Түріксой Баспасөз сыйлығы биыл Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Гагауызелі, Македониядан 15 тұлғаға тапсырылды.

 2016 Түріксой Баспасөз сыйлығының иегерлері:

Әзірбайжан

Шаик Мемедов – «Ичтимаи Тв» арнасы Информация және әлеуметтік-саяси бағдарламалар бойынша бас директордың орынбасары

Хикмет Мемедов – «Жаңа Әзірбайжан» газетінің бас редакторы

Айдын Гулиев – «Баку-Хабар» газетінің бас редакторы

Қазақстан

Александр Тараков – «Қазахстанская правда» газетінің басшысы

Нұртөре Жүсіп – «Айқын» газетінің бас редакторы

Рөвшен Мемедоғлу – «Ахыска» газетінің бас редакторы

Қырғызстан

Әбділамит Жумашев – «Жетіген» журналының бас редакторы

Мұндұзбек Тентимишев – тәуелсіз журналист

 Түркия

Мұстафа Картоғлу – «Стар» газетінің Анкара өкілі

Оғыз Демир – «Хүрриет» газеті редакторы

Ялчын Топчу – «Жергілікті ой» журналының құрушы төрағасы

Түрікменстан

Аширбек Баймуратов – Түрікменстан Мемлекеттік телерадио және кино кеңесі бас редакторы

Өзбекстан

Умида Маниязова – «Орталық Азия» хабар агенттігі тілшісі

Гагауызелі

Георгий Иаланджи – Гагауызелі президенттік  протокол және баспасөз, информация департаменті төрағасы

Македония

Бүниямин Диман – «Жаңа Балқан» газетінің тілшісі



Ұқсас жаңалықтар