АҚШ-тан татарларға қолдау

АҚШ Ресей Федерациясына шақыру тастады.

АҚШ-тан татарларға қолдау

АҚШ Ресей Федерациясына шақыру тастады. АҚШ Қырам Татар ұлттық мәжілісінің «радикал ұйымдар» аясына алынып, істерінің тоқтатылуы шешімінен бас тартуға шақырды.

Сыртқы істер министрлігі «демократиялық бір мекеме» ретінде Қырым Татар Ұлттық мәжілісінің көптеген жылдардан бері жеткілікті түрде өкілеттігі жасалмаған және тарих бойы қысым көрген Қырым татар халқының бір органы екенін еске салды.

Хабарламада сонымен бірге аталмыш мәжілістің Қырым татарларының мәдениетінің сақталып қалуы және жікшілдіктен қорғалуы үшін маңызды тәуелсіз орган екені атап көрсетілді.

«Орыс органдардың Украинада татарлардың әкімшілігіне орыс заңдарын енгізу үшін ешбір өкілеттігі жоқ» деп айтылған хабарламада мәжілістің істерінің тоқтатылуының демократиямен сәйкеспейтіні атап көрсетілді.

Хабарламада «Ресейді тағы бір рет Қырымға бағытталған аннекциясын доғару және Украина жерінен кетуге шақырамыз. Басқыншылық жалғасқан сайын Қырымға байланысты санкциялар да жалғасады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар