ТүрікПа Әзірбайжанды қолдайды

ТүрікПа бас хатшысы Асанов түркітілдес елдердің Әзірбайжан халқы мен мемлекетін қолдайтынын айтты.

467735
ТүрікПа Әзірбайжанды қолдайды

Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның бас хатшысы Жандос Асанов түркітілдес елдердің Әзірбайжан мен Армения арасындағы дағдарыста Әзірбайжан халқы мен мемлекетін қолдайтынын айтты.

Асанов ТүрікПа-ның 2008 жылғы 21 қараша күні Долмабахче сарайындағы жиналыста Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Республикалары парламент басшыларының келісімі арқылы құрылғанын еске салды.

Бас хатшы Асанов 1-5 сәуір күндерінде қатты қақтығыстар болған Армения мен Әзірбайжан майдан желісіндегі оқиғаларға байланысты

«Таулы Қарабах проблемасы бейбіт жолмен шешілуі керек. Түркітілдес елдер Әзірбайжанға қолдау көрсетеді. Әзірбайжан армиясы шәйіт берді. Жазықсыз адамдар да опат болды. Шәйіттерге байланысты көңіл айтамын. Аймақтағы қақтығыстар соңғы қақтығыстар болсын деп үміттенемін. Біз Әзірбайжанның территория тұтастығын қолдаймыз. Таулы Қарабахтың Әзірбайжанда қалуын қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар