Әзірбайжан-Иран шекарасында қақтығыс шықты

Әзірбайжанда заңсыз жолмен Иранға өтуге әрекет жасаған 5 адам шыққан қақтығыста қаза тапты.

449901
Әзірбайжан-Иран шекарасында қақтығыс шықты

Әзірбайжан Мемлекеттік шекара қызметі тарапынан жасалған мәлімдемеде 13 наурыз күні Әзірбайжанның Йардымлы қаласынан Иранға заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған 10 адамнан тұратын бір топ анықталғаны атап көрсетілді.

Әзірбайжан шекара жасақтарының «тоқта» деген ескертуіне қаруларымен қарсылық берген 5 адам шыққан қақтығыста қаза тапты, 2 адам да тергеуге алынды.

Жүргізілген тергеу жұмыстары барысында заңсыз жолмен Иранға өткісі келген Бангладеш азаматтары мен оларға жетекшілік жасағандар екені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар