Алиев Еуропадағы босқын дағдарысын сынға алды

«Еліндегі қақтығыстар себепті жанұясын қорғау үшін көшуге мәжбүр қалған адамдарды тоқтата алмайсыңдар».

448102
Алиев Еуропадағы босқын дағдарысын сынға алды

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Еуропадағы босқын дағдарысын сынға алды.

Алиев «Еліндегі қақтығыстар себепті жанұясын қорғау үшін көшуге мәжбүр қалған адамдарды тоқтата алмайсыңдар» деді.

Президент Илхам Алиев 4-ші Бүкіләлемдік Баку форумының ашылу рәсімінде әлемдегі қақтығыстардың соңғы жылдары тоқтамағанын, керісінше артқанын атап, осы себепті үкіметтер, саясат қайраткерлері және қоғам басшыларының дағдарысты азайту үшін талпыну керектігін атап айтты.

Керісінше келешектегі жағдайдың одан да нашарлайтынын ескерткен Алиев ынтымақтастық, келісім, бейбітшілік және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін баршаның бірге қозғалуының маңызына назар аударды.

Армения-Әзірбайжан қақтығыстары мен Таулы Қарабах мәселесіне де тоқталған Алиев мәселенің Арменияның келіспеуші ұстанымы себепті әлі шешімін таппағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар