Әзірбайжан Ресейге нота жолдады

Әзірбайжан Арменияға қару алу үшін 200 миллион долларлық несие берген Ресейге наразылық білдірді.

438597
Әзірбайжан Ресейге нота жолдады

Әзірбайжан Ресейге нота жолдады.

Әзірбайжан Арменияға қару алу үшін 200 миллион долларлық несие берген Ресейге наразылық білдірді.

Бұл туралы Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Хабарламаға қарағанда, Арменияның қару күшін басқыншылық астындағы Әзірбайжан жеріне орналастырғаны жөнінде айғақтар халықаралық деңгейде жарияланған.

Армения қару мен оқ-дәрілерді сатып алынған елдің рұқсатынсыз басқыншылық астындағы Әзірбайжан жеріне орналастыру арқылы халықаралық келісімдерді бұзып отыр.

Хабарламада былай деп айтылды: «Арменияға қару қамдалуы проблеманың шешілуіне кедергі болады. Келіспеушіліктің артуына да себеп. Осындай шабуылға жарамды қарулардың Арменияға берілуі Әзірбайжан қоғамында наразылық туғызды. Әзірбайжан осы қарулардың басқыншылық астындағы Әзірбайжан жері мен екі ел шекарасына орналастырылмайтыны жөнінде кепілдік берілуін күтеді»



Ұқсас жаңалықтар