Әзірбайжан Орталық Банкі проценттерді көтерді

Әзірбайжан Орталық Банкі проценттерді 2 пайыз арттырып, 3 пайыздан 5 пайызға көтерді.

432832
Әзірбайжан Орталық Банкі проценттерді көтерді

Банктен жасалған мәлімдемеге қарағанда, ұлттық валюта манатқа деген сенімді арттыру және банктерге манатпен шот ашу мақсатты саясат проценттерінің бүгіннен бастап, 5 пайыз ретінде белгіленгені атап көрсетілді.

Орталық Банк өтімділік операциялары үшін процент коридорының төменгі шегінің 2 пайыз, жоғарғы шегінің болса 10 пайыз екенін жариялады.

Мәлімдемеде Әзірбайжан Орталық Банкінің бұдан кейін де макроэкономикалық кезеңдер мен қаржы нарығындағы жағдайды қадағалайтыны және қажет жағдайда сатылы түрде ақша саясаты құралдарымен жылдам ықпал ететіні атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар