Түркістанда VI Халықаралық Түркология конгресі өтеді

VІ Халықаралық Түркология конгресіне дүниежүзілік ғалымдар қатысады.

356856
Түркістанда VI Халықаралық Түркология конгресі өтеді

Ғалымдар басқосуында негізгі мәселе ретінде талқыланатын – аударма, түркі тілдері тарихының ең негізгі салаларының бірі болып саналады.
Орхон жазбаларынан, тіпті біздің дәуірімізге дейінгі кезеңдерден бастап түркі тілдері төрт тарапқа – солтүстікке, оңтүстікке, шығысқа және батысқа – тарала бастаған. Сонымен бірге қытай, грек, славян, араб және парсы тілдерімен үздіксіз қарым-қатынаста жасасып келеді.
Түркілер тарихи шежіресінде шамандық, иудалық, христиандық, будда және ислам дінінің кейбіріне тікелей табынса, енді бірін кейін қабылдаған.
Соңғы мың жыл ішінде түркі халықтарының әртүрлі тілдермен, мәдениеттермен қарым-қатынасының нәтижесінде және түркі тілдеріне аударылған әртүрлі жазба мұралардың әсерінен түркі тілдеріндегі фонетика, морфология, синтаксис салалары әр қилы өзгерістерге ұшырады. Бұл конгресте аударма мәселесін жан-жақты қарастыру мақсат етіліп отыр.
Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығында 23 қазан басталатын конгресс 24 қазан күні 4 бөлек залда баяндамалардың ұсынылуымен жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар