Әзірбайжан сыртқы істер министрі Ресейде

Элмар Мемедяров орыс әріптесі Сергей Лавровпен Таулы Қарабах мәселесін қолға алды.

288468
Әзірбайжан сыртқы істер министрі Ресейде

Ресми сапармен Ресейге барған Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Мемедяров орыс әріптесі Сергей Лавровпен Таулы Қарабах мәселесін қолға алды.
Кездесудің артынан ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екеніне назар аударылды.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Таулы Қарабах мәселесінің Ресей үшін алдынғы қатарлы мәселелер арасында орын алғанын атап көрсетті.
Лавров мәселенің екі жақты ынтымақтастық пен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобы аясында жүргізілген келіссөздер жолымен шешілу керектігін жеткізді.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Мемедяров болса Таулы Қарабах мәселесімен байланысты терең келіссөздер жүріп жатқанын түсіндірді.
Мемдяров Каспий теңізінің ережесі тақырыбында да көптеген мәселені қолға алғандарын білдірді.
Екі министр Ресей мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрліктері арасында 2015-2016 жылын қамтыған ынтымақтастық келісіміне де қол қойды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар