Түркі әлемі жастары Қазақстанда бас қосты

Түркістан қаласында түркі әлемі жастары мен студенттерінің Халықаралық І фестивалі өтті.

280574
Түркі әлемі жастары Қазақстанда бас қосты

Фестиваль Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Түркі әлемінің бірлігі» идеясы аясында ұйымдастырылып отыр. Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) I Саммитінде Н.Назарбаев: «Жастар арасында спорт ойындары мен театр фестивальдарын жиі ұйымдастырған жөн деп санаймын» деген болатын. Елбасы Қырғызстанда өткен ІІ саммитте болса “ең бастысы, бүгінгі таңда түркі мемлекеттері жастары арасында ‘Түркі әлемі’ дейтін маңызды түсінікті қалыптастыру керек” деп нақты тапсырма берген болатын.
Шараның мақсаты Түркі дүниесі жастарының қарым-қатынастарын нығайту және түркі тілдес халықтарының ортақ тарихы мен түркі дүниесі құндылықтарын қалыптастыру.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар