Президент Ердоған СКТР-ның жаңа президенті Акынжыны құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған СКТР-ның жаңа президенті Мұстафа Акынжыға сенімін білдірді.

252077
Президент Ердоған СКТР-ның жаңа президенті Акынжыны құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының жаңа президент ретінде сайланған Мұстафа Акынжыға құттықтау жолдады.
Ердоған құттықтауында жаңа кезеңде Кипр келіссөздерінде бірдей сенім мен тұрақтылықтың жалғасатынына сенгенін атап көрсетті.
Акынжының сайлануының Кипр мәселесі тұрғысынан маңызды бір кезеңге дөп келгеніне назар аударған Ердоған Кипр келіссөздерінің әділ бір шешімге ұласуының Түркияның алдынғы мәселесі екенін білдірді.
Ердоған «Кипр мәселесіне қалай болса да бір шешім табу сияқты бір ұстанымды қабылдау мүмкін емес» деді.
Ердоған жолдамасында «Бұл маңызды бетбұрыста Түркия атажұрт және кепілгер ел ретінде халықаралық келісімдерден туындаған міндет пен жауапкершіліктерін тұрақтылықпен орындауды жалғастырады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар