Солтүстік Кипр Түрік Республикасында президенттік сайлау өтуде
Жалпы 176 мың 912 сайлаушы 693 сандықта дауыс береді.
241431
Президент Дервиш Ероғлу қайта президенттікке үміткер болса, Мәжіліс төрағасы Сибел Сибер, бұрынғы министр және депутат Мұстафа Акынджы және бұрынғы келіссөз жүргізуші Кудрет Өзерсай да үміткерлер арасында орын алады.
5 тәуелсіз барлығы 7 үміткер жарысқан сайлауда үміткерлердің ең басты уәделері 50 жылдан бері жалғасқан Кипр мәселесіне тұрақты бір шешім табу.
Үміткерлер президенттік сайлауда қолданылған өтімді дауыстардың 50 пайызынан 1 артық дауыс жинауы қажет.
Үміткерлер егер осы дауыс көрсеткішіне қол жеткізе алмаған жағдайда, сайлау екінші турға қалады. Екінші тур жарысы ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында өтеді.
Сайлау сауалнамаларында үміткерлердің 50 пайыздан аса алмайтынын көрсетуде.