'Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы' иегерлері жарияланды

Түркі әлемі жазушылар және көркем өнерпаздар қоры төрағасы Яхия Акенгин мәлімдеме жасады.

171038
'Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы' иегерлері жарияланды

ТҮРІКСАВ «19-шы Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» иегерлерін жариялады.
Түркі әлемі жазушылар және көркем өнерпаздар қоры «ТҮРІКСАВ» атқару комитеті төрағасы Яхия Акенгин «Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» берудегі мақсаттың Түркі әлеміне еңбек сіңіргендерге назар аударып, оларды одан әрі ынталандыру екенін атап айтты.
Түркия, Әзірбайжан, Гагауз жері (Молдавия), Қазақстан, Қырғызстан, Косово, СКТР, Венгрия, Өзбекстаннан түрік әлеміне еңбек сіңірген тұлғалар мен қоғамдарды тілге тиек еткен Акенгин араларында Түркияның белгілі кинофильм артисті Жүнейт Аркын да бар 5 кісіге сыйлық табыс етілетінін атап айтты.
Акенгин аталмыш сыйлықтардың сәуір айының басында табыс етілетінін мәлімдеді.
ТҮРКСАВ биыл Әзірбайжаннан АZ ТВ, Каспий Стратегиялық институты, Әзірбайжан мұнай серіктестігі Түркия төрағасы Кенан Явуз, Гагауз жерінен Гагауз ақыны, жазушы және бағдарламашы Тодур Занет, Қазақстаннан Түрік Академиясының президенті Проф. Дархан Қыдырәлі, Қырғызстаннан Қырғызстанның Түркия өкілетті және төтенше елшісі Ибрагим Жунусов, Косоводан Өркендеу министрі Махир Яғджылар, СКТР-нан Жоғары оқу жоспарлау, бақылау, аккредитациялау және координация кеңесінің төрағасы проф.док.Хүсейин Гөкчекуш, Венгрия Тұран қоры, Өзбекстандық суретші Леким Имрагимов, Түркиядан Гиресун Университеті ректоры проф.док. Айгүн Аттар, «Бизим Күллийе» атындағы әдебиет журналы, кинофильм артисті Жүнейт Аркын, Түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағы төрағасы Мехмет Жахид Турхан және ТРТ Аваз телеарнасында армян қауесеттерін теріске шығарған аудармаларды жасаған Йылмаз Батыбайды «19-шы Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» иегерлері ретінде жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар