Қазақстан-Түрікменстан-Иран халықаралық теміржолы желісі ашылады

Қазақстан-Түрікменстан-Иран халықаралық темір жолы желісі 3 желтоқсан күні ресми түрде ашылады.

209731
Қазақстан-Түрікменстан-Иран халықаралық теміржолы желісі ашылады

Ашылу рәсімімен теміржолының Түрікменстан-Иран желісі іске қосылады. Аталмыш жобаның Қазақстан мен Түрікменстан желісі болса өткен жылдың мамыр айында іске қосылған болатын.
Теміржолының іске қосылуымен Еуропаға, Орта және Оңтүстік Азияға, Орташығыс бағытына жүк тасымалдауында арзан бағаға және жылдам қатынас коридоры құрылды.
Қазақстан, Иран мен Түрікменстан арасындағы 2007 жылы қол қойылған келісіммен құрылысы басталған теміржолы желісінде жыл сайын 3-5 миллион тонна жүк тасымалдауы жоспарланады. Алдағы кезеңде тасымалданған жүк көлемін 10-12 миллион тоннаға жеткізілуі күтіледі.
Темір жолы желісінің 82 шақырымы Иран, 700 шақырымы Түрікменстан, 120 шақырымы Қазақстан шекарасынан өтеді.
Желінің ашылу рәсіміне тиісті елдердің мемлекет басшыларының қатысуы күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар