Әзірбайжан президенті тікұшақтың провокациясын айыптады

Президент Алиев Армения армиясына тиесілі тікұшақтың құлатылуы туралы мәлімдеме жасады.

192001
Әзірбайжан президенті тікұшақтың провокациясын айыптады

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Армения тікұшағының құлатылуымен байланысты «Әзірбайжан Қарулы Күштері бұдан кейін де дұшпанның провокация әрекеттеріне тиісті қарсылықты көрсетеді» деді.


Алиев Армения-Әзірбайжан майдан желісіне жақын аймаққа қоныстанған Шемкир Әскери жасағына тиесілі жаңа штабтың кеше ашылу рәсіміне қатысты.
Ашылуын және бақылау жұмыстарының артынан Қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Хасанов, Әзірбайжан-Армения шекарасында және майдан желісіндегі соңғы жағдаймен байланысты Алиеве рапорт берді.
Армения армиясына тиесілі тікұшақтың майдан желісінде жасаған «провокация бастамасын» айыптаған Алиев осы провокацияның Әзірбайжан Қарулы Күштері тарапынан табысты түрде тоқтатылғанын атап «Мықты провокацияларына қажетті қарсылық көрсетілетініне кәміл сенемін» деді.
Әзірбайжан Әуе күштері 12 қараша күні Армения-Әзірбайжан майдан желісінде Армения армиясына тиесілі бір тікұшақта Әзірбайжан қорғанысына шабуыл бастамасы жасағаны себепті құлатқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар