Солтүстік Кипр Түрік Республикасы 31 жаста

СКТР-ның құрылу жылдығы рәсіміне ТҰҰМ төрағасы Чичек пен веце-премьер Арынч қатысты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы 31 жаста

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрылуының 31-ші құрылу жылдығы кеше әртүрлі іс-шаралармен тойланды.
Мереке іс-шараларына Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Джемил Чичек және вице-премьер Бүлент Арынч та қатысты.
СКТР президенті Дервиш Ероғлу Атажұрт Түркияға қолдауы үшін Кипр халқының атынан алғысын білдіргенін айтты.
Кипр мәселесіне тоқталған Ероғлу понти әкімшілігі басшысы Никос Анастадиадисті келіссөз үстеліне шақырды.
Ероғлу «БҰҰ, АҚШ және Еуроодақтан бастап, халықаралық қоғамды екі тараптың халықтарына құрмет көрсетуін және Анастадиасқа кезкелген мәселенің келіссөз үстелінде шешіле алатынын жеткізіп, алғы шартсыз маңызды ескертулер жасауын күтеміз» деді.
Вице-премьер Бүлент Арынч болса Түркияның Кипр Түрік халқының әрқашан қасында екенін атап, шешімге жылы қарамаған понтилерге ескерту жасады.
Арынч «Понти тарапының аралдың жалғыз иесі сияқты қозғалуына рұқсат ету мүмкін емес. Кипр түріктерінің де аймақтағы табиғи резервтерде заңды құқы бар және осыған ие шығады. Еліміз де кепіл мемлекет жауапкершілігі аясында Кипр түріктерінің осы резервтер үстінде негізгі хақтарын қорғау үшін қажетті әртүрлі қолдауды көрсетеді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар