Түркия-Әзірбайжан іскер форумы Бакуде басталды

Түрік электр және электроника қызметі фирмаларының Әзірбайжан бастамасы.

176128
Түркия-Әзірбайжан іскер форумы Бакуде басталды

Түрік электр және электроника қызметі фирмаларының Әзірбайжан бастамасы.


Түрік электр және электроника қызметі экспортшылары одағына мүше 20 фирманың басшылары «Әзірбайжан-Түркия іскер форумы» аясында Бакуде бас қосты.
Әзірбайжан жұмыс берушілер конфедерациясы (ASK) мен Түрік электр және электроника қызметі одағы (TET) тарапынан ұйымдастырылған Әзірбайжан Экономика және Өнеркәсіп министрлігі, Түркия экспортшылар мәжілісі (TİM) және Әзірбайжан Экспорт және инвестиция форумы (AZPROMO) қолдау көрсеткен форумда бас қосқан іскерлер, екі жақты ынтымақтастық пен үшінші елдерге ортақ экспортқа шығу мүмкіншіліктерін бағаландырды.
Форумды ашу жиналысына Әзірбайжан экономика және Өнеркәсіп министр орынбасары Сахип Меммедов, Түркияның Баку өкілетті елшісі Исмаил Алпер Джошкун, TET Атқару кеңесі төрағасы Фатих Кемал Эбичоғлу және ASK төрағасы Мемед Мусаев қатысты.
Жиналыста сөз алған министр орынбасары Меммедов Әзірбайжан мен Түркия ортақ жүзеге асырған жобалар және Әзірбайжанның соңғы жылдары қол жеткізген экономикалық жетістіктерге тоқталып, екі ел іскерлері арасында жасалатын жұмыс ынтымақтастығының одан әрі нығая түсетінін айтты.
Әзірбайжанға түрік іскерлері салған инвестицияға да тоқталған Меммедов айтқан сөзінде «1995-2013 жылдары арасында Түркия Республикасы Әзірбайжанның мұнайдан тыс экономикасына 1,9 миллиард доллар инвестиция салды. Осы көрсеткіштермен Түркия 25,5 пайыздық үлеспен елімізге ең көп инвестиция салған ел болды.» деді.
Өкілетті елші Джошкун болса Түркияның 2023 жылы үшін үлкен экономикалық нысаналары бар екенін еске салып, осы нысаналарды жүзеге асыру үшін мүмкіншілік бар екенін, осы бағытта іскерлердің үлкен жауапкершілігі болғанын атап айтты.
Ашылу баяндамаларының артынан тараптар екі жақты кездесулерді бастады. Түрік іскерлері ертең де әртүрлі байланыстарын жалғастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар