Халықаралық Көроғлы фестивалі басталды

«Марка қала Болу және 2-ші Халықаралық Көроғлы» фестиваліне көптеген ел өнерпаздары қатысуда.

141299
Халықаралық Көроғлы фестивалі басталды

«Марка қала Болу және 2-ші Халықаралық Көроғлы» фестиваліне Болу қалалық муниципалитеті ұйытқы болды.


Үш күндік фестивальдің беташар рәсіміне түріктің атақты актрисасы Түркан Шорай, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Грузия, Тәжікстан, Якутия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Иран және Болгариядан өнерпаздар мен өкілдер келді.

Көроғлы фестивалінен көріністер
Рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі Захтероғуллары Болуда тек фестиваль ұйымдастырып қоймағандарын айтып, «Біз түркі әлемінің мәдениет фестивалін, кездесуін тойлап отырмыз. Сіздер тәуелсіздік алғанға дейін біз жетім және жалғыз болатынбыз. Біз үшін ең тамаша күндердің, мерекелердің бірі - БҰҰ ғимаратының алдында Түркия байрағының қасына басқа бауырлас түрік республикаларының байрағы ілінген күн. Себебі сіздің тәуелсіздігіңіз – біздің тәуелсіздігіміз. Сіздердің бақытты болуы, баюы, мықты болуы Түркияның мықты болуы деген сөз» деді.


Көроғлы және фестиваль жөнінде мағлұмат берген Болу қаласы муниципалитетінің төрағасы Алааддин Йылмазға Әзірбайжан парламентінің депутаты Ганира Пашаева Көроғлы шапанын сыйға тартты.


Азаматтардың қошаметі арасында сахнаға шыққан актриса Түркан Шорай фестивальде болғанына қуанышты екенін айтты.


Аталмыш фестиваль Дүздже мехтер ансамблінің қойылымымен жалғасты. Қонақ елдерден келген фольклор топтары да өз өнерлеріне тәнті қылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар