Босния-Герцеговинада халықаралық конференция өтуде

Сараевода ‘1-ші дүниежүзілік соғыс, Османлы мемлекеті және Балкан’ тақырыпты конференция ұйымдастырылды

130514
Босния-Герцеговинада халықаралық конференция өтуде

Босния-Герцеговинаның астанасы Сараевода ‘1-ші дүниежүзілік соғыс, Османлы мемлекеті және Балкан’ тақырыпты конференция басталды.
Халықаралық Сараево Университеті (IUS), Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі және Стамбұл Себахаттин Заим Университеті ынтымақтастығымен ұйымдастырылған конференцияға Түркия мен Балкан елдерінен академиктер қатысады.
Халықаралық Сараево Университеті Халықаралық қатынастар кеңсесі координаторы Месут Идриз конференцияның ашылу баяндамасында 1-ші дүниежүзілік соғысының әлеуметтік және экономикалық тұстарымен соғыстан кейін пайда болған үлкен күштер сияқты тақырыптардың конференция аясында қолға алынатынын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар