Президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды

Президент Ердоған алғашқы ресми сапарын СКТР-на ұйымдастырды

110736
Президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды

Президент Ердоған аралға аттанбай тұрғанда Стамбұл Ататүрік әуежайында жасаған мәлімдемесінде сапары жайлы мағлұмат берді.
Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) салған және салатын инвестицияларға назар аударған Ердоған Түркиядан Кипрға су апару жұмыстарының соңғы сатыға келгенін, тағыда СКТР-на Түркиядан электр желісі жасалатынын атап көрсетті. Ердоған осы жұмыстардың аяқталуымен бірге СКТР-ның одан да күшейетінін атап көрсетті.
Ердоған Кипр мәселесінің шешіміне қатысты бір сұраққа «кепілдік берген ел Грекия жауапкершілігін орындаған жағдайда, бұл мәселе де шешілетін болады» деді.
Ердоған журналисттердің күн тәртібімен байланысты сұрақтарына да жауап қайтарды.
Германияның Түркияның телефондарын тыңдағаны жайлы жаңалықтармен байланысты бір сұраққа президент Ердоған әлемде барлау қызметі мықты елдердің әртүрлі елдерді тыңдағанын атап, бірнеше күннен кейін өтетін НАТО-ның Жалпы Кеңес және БҰҰ жиналыстарында басшылар ретінде осы тақырыптарды қолға алатындарына назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар