Түркі тілдес елдер театрларының Халықаралық фестивалі

Фестиваль пердесі Анкара Мемлекеттік театрының «Ең соңынан Ол кетті» деген ойынымен ашылады.

116390
Түркі тілдес елдер театрларының Халықаралық фестивалі

7-ші Түркі тілдес елдер театрларының Халықаралық фестивалі 4 мамыр күні басталады. 14 мамыр күніне дейін жалғасатын фестивальге Ирак, Қазақстан, Дағыстан, Гагауз елі, Әзірбайжан, Балқар және Голландия театрлары қатысады.
Фестиваль пердесі Анкара Мемлекеттік театрының «Ең соңынан Ол кетті» деген ойынымен ашылады.
Фестиваль аясында үшеуі Түркиядан барлығы 10 спектакль сахнаға қойылады.
5 мамыр күні Ирак Керкук түрікмен ұлттық театры көрерменмен табысады.
Қазақстанның С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры өз өнерін көрсетеді.
Кония Мемлекеттік театры 7 мамыр күні сахнаға шығады.
Дағыстан А. П. Салаватов атындағы Құмық мемлекеттік драма театры «Тасбике»ні 8 мамыр күні сахналайды.
Гагауз ұлттық театры болса 9 мамыр күні сахнада болады.
Әзірбайжан мемлекеттік академиялық ұлттық драма театры өз өнерін 10 мамыр күні көрсетеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар