Бердімұхаммедовтан маңызды ұсыныс

Түрікменстан президенті Орталық Азиядан Түркияға байланысатын автожол салуды ұсынды.

963410
Бердімұхаммедовтан маңызды ұсыныс

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Орталық Азиядан Түркияға байланысатын автожол салуды ұсынды.

Бердімұхаммедов Түрікменбашы Аваза Конгресс орталығында кеше болған «Жаңа Даму жолында Халықаралық Жібек жолы форумында» сөз сөйледі.  Президент осында халықаралық инфрақұрылымды жетілдіру керектігін білдірді.

Халықаралық кейбір ұйымдардың тәжірибесін пайдаланудың маңыздылығын атап көрсеткен Бердімұхаммедов: «Түрікменстан ретінде Орталық Азиядан Түркияға байланысатын автожол салуды ұсынамыз» деді.

«Осындай жобаның жүзеге асырылуы үшін толық қолдау беруге және белсенді рол ойнауға дайынбыз. UNECE және ESCAP ұйымдарына мүше елдерді осы тақырыптағы келіссөздерге қатысуға шақырамын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар