V Азия ойындары Ашғабад 2017 аяқталып қалды.

Ойындарда медаль саны жағынан Түрікменстанда алда келеді.

813370
V Азия ойындары Ашғабад 2017 аяқталып қалды.
Türkmenistan_logo_Asiada
Türkmenistan_asiada_Asya_oyunları

Жауынгерлік өнері бойынша жабық алаңда өтетін V Азия ойындары Ашғабад 2017 аяқталып қалды.

Ойындарда медаль саны жағынан Түрікменстанда алда келеді.  Қытай,  Тайланд, Вьетнам және Гонгкоктың әйел спортшыларының жетістіктері асып тұр.

16 қыркүйек күні басталған сайыстың соңғы күндері өтіп жатыр. 6 мың спортшы спорттың 21 түрінен сайысуда. 26 қыркүйек күні 18 спорт түрінен  сайыстар аяқталады.  27 қыркүйек күні болса боулинг,  шахмат және теннисте ақтық сайыстар өткізіледі.

Азия ойындарында барлық медаль саны,  әрі алтын саны тұрғысынан түрікмен спортшылар көш бастап келеді.  Барлығы 206 медаль алған Түрікменстаннан кейін 106 медальмен Өзбекстан, 89 медальмен Иран келеді. Ал алтын медаль тізімінде 79 алтынмен алда келетін Түрікменстанның артында 23 алтынмен Қытай Халық Республикасы, 22 алтынмен Иран келеді.

Түрікменстанның 206 медалінің 118-іні ерлер, 85-ін әйел спортшылар алды. Екінші кезектегі Қытай Халық Республикасы және басқа да Қиыр Шығыс елдерінің медальдерінің көбін әйел спортшылар алды.



Ұқсас жаңалықтар