Түрікменстан президенті Анкарада кездесулер жүргізді
Кездесулерде екі ел қатынастары қолға алынды.
Президент Ердоған түрікмен газының Түркия арқылы Еуропа нарықтарына айдалуына деген екі елдің көзқарасының бірдей екенін, осы мақсатта Түркия, Түрікменстан және Әзірбайжан арасында сыртқы істер министрлері деңгейінде қалыптастырылған үштік тетіктің лидерлер деңгейіне шығарылуына келіскендерін айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен оңаша кездесті, артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасады. Кейіннен екі басшы ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
Мәслихатта сөз сөйлеген түрікмен президент Түркиямен қатынастарға көп көңіл бөліп отырғандарын айтып, «Түрік іскерлердің бізге қосқан үлесі мол» деді.
Президент Ердоған да Бердімұхамедовтың құрметіне ресми қонағасы берді.
Президенттік сарайдағы қонағасы баспасөзге жабық өтті.
Түркия Палаталар және биржалар одағының Экономика және технология Университетінен құрметті докторлық атағын алған түрікмен басшы байланыстарын бүгін Стамбулда жалғастырады деп жоспарланған болатын. Алайда Бердімұхамедов анасының науқастанып қалғанына орай сапарын аяқтап, еліне оралды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосты
Ақсақалдар кеңесі отырысына Түркия атынан Кеңес төрағасы Бинали Йылдырым қатысты.