Түрік-Қазақ Әлемінен-65

Сүйінбайдың 200 жылдығы Түркияда тойланды.

315481
Түрік-Қазақ Әлемінен-65

Артынан Жамбыл атындағы академиялық филармонияның өнерпаздары ақынның өлеңдерін орындады.
Сүйінбайға арналған іс-шаралар бұлармен ғана шектейлейді. Түркияда ай сайын шығатын «Кардеш калемлер» атты көркем әдебиет журналының мамыр айының саны толықтай Сүйінбайдың шығармашылығына арналды. Сонымен қатар, түрік тілінде Сүйінбай ақынның өлеңдері «Сүйінбай ақын» атты кітап болып ТҮРКСОЙ тарапынан басып шығарылады. Аударған белгілі аудармашы-жазушы, Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі- Мәлік Отарбаев.
21 маусым күні Кыршейір қаласының Жажабей алаңында ұйымдастырылған Рамазан іс-шараларының қонағы Жамбыл атындағы академиялық филармонияның өнерпаздары болды. Сүйінбайдың 200 жылдығына арнап концерт берілді, әдеби-сазды кеш өтті. Қазақтың әні мен биіне Кыршейірліктер тәнті болды.
Сүйінбай фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарламамен әрі қарай Невшехир мен Ақсарай қалаларына барады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар