Түрік-Қазақ Әлемінен-233

Астана мен Анкара арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында жаңа жобаларды ілгерілете беруге келісті.

210600
Түрік-Қазақ Әлемінен-233

Қазақстанның Анкарадағы елшілігінің интернет сайтының хабары бойынша ағымдағы жылдың 12 қараша күні Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның бас қаласы Анкараның жаңадан тағайындалған губернаторы Мехмет Кылычлармен кездесті. Кездесу барысында екіжақты және аймақтық арасы мәселелер талқыланды.

Елші Түймебаев губернатор Мехмет Кылычтарға «Қазақстан-2050» Стратегиясы асындағы Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктерін хабардар ете отырып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол» атты Жолдауының негізгі тармақтарын баяндап берді. Сонымен қатар Елші Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарының барысы туралы да айтып бере отырып, губернаторды аталған халықаралық іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.
Губернатор Мехмет Кылычлар екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалай келіп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму саласы бойынша жетістіктерін атап өтті.
Губернатор «Мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына қайран қаламын. Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарламасымен қызығып таныстым. «Нұрлы жол» бағдарламасы тарихи маңызға ие» деді.

Кездесудің қорытындылары бойынша тараптар Астана мен Анкара арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында жаңа жобаларды ілгерілете беруге келісті.
Қазақстан киноматографистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, документалист Қалила Умаров ел астанасы Анкарада болды.
«Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркияның Анкара, Стамбул және Кония қалаларында түрлі іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ ол жас тәлімгерлермен бас қосты.

Анкарада алдымен Қалила Умаровтың «Нәубет» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмге Анкаралықтар үлкен қызығушылық көрсетті. Қазақстаннан тыс жерде алғаш рет көрсетілген осы фильмнің Анкарадағы қойылымы Гази Университетінің конференция залында өтті.
Фильм басталудың алдында «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің жетекшісі Мырзахан Байжанұлы кештің беташарын жасап, фильмнің мағынасын түсіндірді. Тамыры тереңге баратын Қазақстан мен Түркия елдерінің қарым-қатынастарының деңгейіне тоқталған Байжанұлы осы аяда жастардың жауапкершілігін де атап көрсетті. Анкара қаласында оқып жатқан қазақ жастары атынан білім алумен қоса мәдениет, тарих сынды қос елге қатысты тақырыптарда осындай іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастыратындарын да айтып өткен Мырзахан осы кеш үшін алыстан ат арылтып келген белгілі кинорежиссерді сахнаға шақырды.
Алаш үшін аянбай еңбектенген, өз кәсібін қазақтың тарихының егжей-тегжейлерін жастарға жеткізу үшін атсалысқан Қалила Умаров та қазақ тарихындағы ең үлкен трагедияға арналған деректі фильмін түрік ағайындардың назарына ұсынғанына қуанышты екенін жасырмады.
Атаулы кешке Гази Университетінің оқытушысы Проф. др. Муса Йылдыз, Замандас түркі тілдері кафедрасының меңгерушісі, Проф. др. Наджие Йылдыз, Еуразия Жазушылар одағы төрағасы Якуп Өмероғлу, ТРТ сыртқы байланыстар департаменті төрағасының орынбасары Зекерия Айдын қатысты.

Фильм көрсетіліміне Гази Университетінің тәлімгерлері, Анкарада білім алып жатқан қазақ студенттер, оқытушылар да аса үлкен ықылас танытты.
Киногер Қалила Умаров Түркия Үні радиосына қонақ болды. Қазақ редакциясының жұмысымен танысты. Біз де оны аралатып, қызметіміз жайлы мәлімет бердік.
Кинорежиссер Қалила Умаров одан кейін Түркия Радио Теледидары Шет тілдері департаментінің төрағасы орынбасары Зекерия Айдын мырзамен де әңгімелесті.
Қалила Умаров қазақ редакциясы қызметкерлеріне сұхбат беріп, радио тыңдармандары мен веб парақшасы оқырмандарына жылы лебізін білдірді.

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фараби симпозиумы Түркияның Ескишехир қаласында болып өтті.
«Мәдениет Ойшылы Әл-Фараби» атты Халықаралық симпозиумы ағымдағы жылдың 13-15 қараша күндері аралығында Ескишехир Османгази университетінің конференция залында ұйымдастырылды.
Конференцияға Түркиямен қатар, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түркітілдес Автономиялық Республикалары сынды 13 елден 50-ден астам ғалым, зерттеуші қатысты.
Симпозиумда ғалымдар Әлемдік ғылым мен мәдениет тарихында Әл-Фарабидің есімінің өте биік тұрғанын баяндады. Оның еңбектері түркітілдес елдері мен араб әлемі философиясының дамуына үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге Шығыс пен Батыс мәдениетінің жақындасуына көпір болғаны атап өтілді.

Қараша айының басында Түркияның Гиресун Университеті Қаратеңіз стратегиялық зерттеу орталығы мен Еуразия Экономикалық байланыстар қоғамы тарапынан ұйымдастырылған 6-шы Қаратеңіз Халықаралық симпозиумы болып өтті.
Бұл конференцияға Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев те қатысып, баяндама жасады. Елші мемлекеттердің сыртқы саясат стратегиясын анықтауда энергия факторының маңызды екенін айтты. Түймебаев «Энергия қауіпсіздігі тақырыбы аймақтық және жаһандық дағдарыстардың маңызды себептерінің бірі болады. Осының айғағы ретінде Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймақтарындағы қақтығыстарды көрсетуге болады. Сондықтан тек энергия шығаратын елдер емес, транзит елдер, тұтынушылар, энергия компаниялары сынды осы тізбектің әрбір түйіні ұйымшылдықпен жауапкершілікті көтеру керек. Осы аяда саяси, мәдени және экономикалық тұрғыдан Еуразияның орталығы болатын Қаратеңіз бен Каспий жағасындағы елдер бір-бірімен жақын болуы керек» деді.
Гиресун Университеті ректоры, Профессор Айгүн Аттар да Каспий мен Қаратеңіз қойнауы энергия саясаты жөнінде мықты жұмыс жүргізілуі керектігін айтты. «Мемлекеттер қолдарындағы өнімді халықаралық нарыққа өздері шығарғысы келеді, халықаралық нарықта сатуды ойлайды. Осында мүдде қақтығыстары, бәсеке араға кіреді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар