Түрік-Қазақ Әлемінен-232

Түркия мен Қазақстан арасындағы тату байланыстар баяндалады.

185565
Түрік-Қазақ Әлемінен-232

Бүгінгі бағдарламамызды бір фотосурет көрмесімен бастайық.


Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің көмегімен аты әйгілі түрік фотографы Явуз Алатанның «Қазақстан фото суреттері» атты көрме ұйымдастырылды. Фотокөрме Түркияның Республика күні мерекесі қарсаңында өткізіліп, қазақ-түрік қарым-қатынастарына арнады.


Явуз Алатан Түркияның танымал журналисті және фотосуретшісі болып табылады. Оның коллекциясындағы көптеген елдің суреттері, атап айтқанда Қазақстан, Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Куба, Ирак, Молдова, Германия, Қытай және тағы басқалары Анкара мен Стамбулдың орталық сурет галереяларында көрсетілді.


Тамашалаушылардың назарына ұсынылған фотографиялық жұмыстардың ішінде Қазақстанның ірі қалалары көрікті жерлерінің, мәдени және тарихи ескерткіштерінің, түрлі мүсіндердің, табиғаттың көріністерінің пейзаждары, флора және фаунаның бейнелері болды. Экспозицияға шығарылған жұмыстар түрік фотографының Қазақстандағы көптеген саяхаттарының нәтижесінде істеген жұмысы болып табылады.


Іс-шараға Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың, Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық топтарының өкілдері, қазақ студенттері мен диаспорасы және т.б. қатысты.


Аты әйгілі түрік фотографтың орын алуымен жасалған фотокөрменің экспонаттары түрік астанасының жергілікті халқы мен қонақтарына Қазақстанның көрікті жерлерімен, қазақ тұрмысы мен дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.

 

Кезектегі хабарымыз Ақтөбе қаласында өткен іс-шараға байланысты.


Қазақстанның Ақтөбе қаласында қазан айының 30-31 күндері аралығында «Түрік халықтарының мәдени мұрағаттары» атты бір ғылыми конференция өткізілді. «Ақтөбе облысы ғылыми-практикалық орталығы» тарапынан ұйымдастырылған конференцияға Түркітілдес республикалары және әлемнің көптеген елінен ғалымдар қатысты.


Түрік мәдениеті газетінің хабарына қарағанда конференцияға Түркия атынан «Қазақ мәдениеті» қоғамы төрағасы Чаглар Ербек, оның басшылығындағы түрік халық музыка өнерпаздары және атақты түрік сазгері Абидин Сөнмез қатысты.
Чаглар Ербек конференцияда «Замандас түрік сурет өнері» атты

бір ғылыми мақала оқыды. Түрік сазгері Абидин Сөнмез болса Қазақтың әйгілі композиторы Құрманғазының күйлерін орындады.


******* *
Соңғы хабарымыз Түркия Республикасының 9-шы президенті Сүлейман Демирелмен өткізілген кездесуге байланысты.


Қараша айының басында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының 9-шы президенті Сүлейман Демирелмен оның 90-жылдық мерейтойында кездесіп, Қазақстан президенті атынан жолданған шынайы құттықтаулары білдірілген жеке хатын табыс етті.


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке хатында Сүлейман Демирелдің 90 жасқа толуын құттықтағанын білдірді. Назарбаев өз хатында «Бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамаларға қолдау бергеніңізге аса ризашылықпен атап өткім келеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасында орын алып тұрған Түркия Республикасының дамуына қосқан үлесіңіз баршаға мәлім» деп айтты.


Елші Түймебаевпен кездесу барысында Демирел Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесулерін жылы ықыласпен еске алып, оны өзінің досы және бауыры ретінде санайтынын атап айтты. Ол Қазақстан президенті Назарбаевқа және жалпы Қазақстан халқына шынайы және жылы құттықтаулар үшін зор ризашылығын білдірді.


Сұхбат барысында Демирел қазақ-түрік қарым-қатынастарының жоғарғы деңгейде екенін және бауырлас елдің арасындағы әр түрлі сала бойынша өзара ықпалдасудың дамуын атап өтті.
Демирел Қазақстан Республикасының 1-ші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түркі әлемінің көшбасшысы ретінде қазақ-түрік ынтымақтастығының қарқынды дамуындағы, түркі тілдес елдерінің арасындағы интеграциялық үдерістерінің кемелденуіндегі үлкен рөлін дәріптеп, Қазақстан елбасының бастамасымен түркі әлемінің тарихында алғаш рет түркітілдес мемлекеттерінің мемлекеттер арасы орган болып табылатын Түркі кеңесінің құрылғанына назар аударды.


Бұрынғы президент Сүлейман Демірел Қзақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және жалпы Қазақстан халқына өзінің ризашылығын білдіре отырып, алда келе жатқан Қазақстанның Тәуелсіздігі Күнімен құттықтады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар