Түркия және әлем тынысы – 83

Ислам діні сүйіспеншілік пен қамқорлықты негіз етеді.

76535
Түркия және әлем тынысы – 83

Ислам және мұсылмандықтың бүкіл әлемдегі абыройы - Ислам әлемінің ең маңызды тақырыптарының бірі болып табылады. Исламнан тыс әлемде Ислам мен мұсылмандарға байланысты болымды түсініктер болумен қоса, өкінішке орай, көптеген болымсыз түсініктер де бар. Батыстық елдерде Ислам дінінің және мұсылмандықтың бейбітшіл және көмекшіл құндылықтарға ие екені түсініктерімен бірге, террористік және нашар түсініктер де кездеседі. Аталмыш түсініктердің алғашқысы тура және шынайы, екіншісі қате және шындыққа үйлеспейді.
Ислам діні бейбітшілік, бауырластық, жәрдемдесу, ұйымшылдық, қонақжайлық, сүйіспеншілік сияқты ұлы құндылықтарға ие және мұсылмандардың осы құндылықтарды атқаруын сұрайды. Мұның басты белгісі мұсылмандардың Рамазан айы болып табылады. Мұсылмандар Рамазан айы бойынша тек ауыз бекітіп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік ұйымшылдық, экономикалық жәрдемдесу және бөлісудің үлгілерін көрсетеді. Ислам түсінігі басқа адамдарға сүйіспеншілік жасауды, олардың дерттеріне ортақ болуды, қайғысын жеңілдетуді ұсыныс етеді. Осы мақсатпен байлардың кедейлерге садақа, зекет, бітір садақасын беру сияқты экономикалық жәрдем жасауын ұсыныс етеді.
Сонымен бірге қиыншылықта қалған немесе зұлымдыққа ұшыраған адамдардың жаны мен малын қорғау шараларын жасауды бұйырады. Қауіпсіздік шараларының қажетіне сай, Ислам тарихында және бүгін кедейлер мен қорғансыздар қорғалып келеді.
Ислам құндылықтары өкінішке орай, замандас әлемде ескерілмей отыр. Кейбір Ислам аймақтарында осы құндылықтарды аяқ-асты еткен ауыз жүзінде мұсылмандар мен ұйымдар ортаға шыққан. Ислам әлемінің ең басты мәселелерінің бірі - аталмыш адамдар мен ұйымдардың қате әрекеттері. Мысалы, Боко Харам, Ел Каида, Ирак Ислам Леванд мемлекеті сияқты ұйымдардың әрекеттері дініміздің бейнесіне нашар әсерін тигізуде. Осы ұйымдар Исламның қарулы әрекеттер мен қырғындар арқылы қорғалатынын пайымдауда. Боко Харам мұсылман қыздардың білім алуын шектеу үшін алып қашуда. Ел Каиданың кәпірлер мен қолдаушыларын жазалау пайымдауымен адамдарды қырғындауы, Ирак Ислам Леванд мемлекеті сияқты ұйымдардың секта атымен мұсылмандарды өлтіруі Ислам ғалымдары теріске шығарған оқиғалар. Осы қимылдар Исламның негізгі құндылықтарына қайшы болумен бірге, мұсылмандықты террор қатарына итермелеуде. Мұның Ислам дініне ешқандай пайдасы жоқ, керісінше нашар әсер туғызуда. Әлемде Исламға қарсылықты арттыруда. Исламның түсінілуі мен қабылдануына соққы беруде.
Осыншалықты мәселелі және мұсылман бейнесіне зиян салған ұйымдар неліктен пайда болуда? Бұл ұйымдар Исламның негізін білмей ме? Әлде қате түсіне ме?
Мұның бірінші себебі, күнделікті мәселелердің радикализм және күш қолдану жолымен шешілетінін ойлау. Тарихта да болғанындай, ұшқарылық түсінігі сияқты Құран Кәрім мен Хадистердің тек мәтініне ғана үңіледі. Ислам мен бұйрықтарының түсіну арқылы атқарылатынын қабылдамайды. Сол себепті Құранда айтылған «кәпір көрсеңіз, өлтіріңіз» деген секілді бұйрықтарды дәуірдің қажетін ескермей, тікелей атқаруға талпынады. Замандас дәуірде осы қате түсінік қарулы және күш қолдануды негіз еткен күрестерді шешім әдісі ретінде қабылдайды.
Екіншісі, бүгінгі ұлттық және халықаралық жүйедегі болымсыз оқиғалар осы әрекеттерге себеп болуда. Ислам қауымдары дөп келген мәселелер, жаулап алулар, әділетсіздіктер, қысымдар мен дағдарыстар аталмыш ұйымдарға сылтау болуда. Америка Құрама Штаттарының Ирак пен Ауғанстанды жаулап алуы, Израильдің Палестинаны жаулауы мен қырғындары, Босния соғысында жүздеген мұсылманның өлтірілуі Батыс елдеріне наразылықты арттыра түскен.
Үшіншісі, аталмыш ұйымдар батыстық ақпарат арналарының материалына айналған. Исламға және мұсылмандарға сыңар жақты қарайтын ақпарат органдары осы ұйымдарды тым әсірелеп жіберген. Бұл әсірелеу әрі Исламның бейнесін қараласа, әрі осындай ұйымдардың жарнамасын жасап, күшеюіне есе қосуда.
Исламның негізіндегі болымды, шапағатты, бейбітшіл, жәрдем сүйгіш, ұйымшыл және ізгі ниетті жаһандық құндылықтарға орын берілмеуде және тым аз сөз қозғалуда. Ал террор мен күш қолдану ұйымдары басты орынға шығарылып отыр. Сол себепті Исламның болымсыз бейнесі тек осы мұсылмандардың ғана емес, сонымен бірге күдікшіл батыстық елдердің де мәселесі болып табылады. Батыс елдері мен ақпаратының Ислам елдерінің мәселелерін елеп-ескермеуі немесе асыра сілтеуі аталмыш ұйымдардың қоректену қайнар көзіне айналып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар