Түрік әдет-ғұрыптары - 37

Түрік мәдениетінде судың орны

122073
Түрік әдет-ғұрыптары - 37

Әлемдік мифологияның көбінде бастапқыда тек су болғаны және тұңғыш жандылардың су арқылы жаратылғаны айтылады.

Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өмір сүру үшін қажетті энергияның көбін судан алады. Су түрлі дін мен мәдениетте бірдей функцияға ие, тазалану, күнәлардан тазалану, туу, қайтадан өмірге келу функцияларымен алға шығады. Су символы өлім секілді қайтадан өмірге келуді де қамтиды. Көптеген мәдениетте су ұрғашы деп қабылданады. Судың ұрғашы ретінде қабылдануы да жарату, өмірге келтіру және босану функцияларына қатысты. Сондықтан су адам өмірінде орасан зор маңызға ие. Әрі ең маңызды мұқтаждық, әрі наным, әдеттер, тыйымдар және жазалар арқылы нанымымызда өз орнын алады.


**
Түріктің жаратылыс мифологиясында космос судан шыққан. Басқаша айтқанда, жаратылыстың бастапқы нүктесі – су. Су барлық нәрсенің бастауы. Жандылардың барлығы судан жаратылған. Олай болса, су – жаратылыстың негізі. Байырғы түрік нанымында жер мен суға Құдай құдірет берген. Сондықтан су қасиетті деп саналған. Судың бір рухы, иесі бар деп есептелген. Бұлар Су атасы, Су анасы, су бабасы, су перісі, Су иесі, Су қызы деген атаулармен аталған. Орталық Азиядан келген су рухы Анадолыда да өз орнын тапқан.


Азиядан Анадолыға ауқымды территорияға тараған Түркі әлемінде су және су рухына байланысты түрлі нанымдар, аңыздар мен әдеттер бар. Түркілер Исламиятты қабылдағаннан кейін де су культының іздерін сақтап қалған.


Су мен судың иесіне деген құрметке орай кейбір әдет-ғұрыптар қалыптасқан. Мысалы судың ластануына байланысты тыйымдар мен жазалар болған. Су қасиетті деп есептелгендіктен ластауға болмайды, қоқыс лақтырылмайды.


Анадолының кейбір жерлерінде су иесі туралы аңыздар айтылады. Олар сол жерлерді жаман рухтардан, апаттан қорғайды. Адамдарға жолдас болады. Көмектеседі. Алайда суға құрметсіздік жасалса, жаза беруден де тайынбайды. Адамдар арасында өмір сүретін су иелері кейде адамдардың көзіне де көрінген. Аңызға қарағанда, кейде адамдар олардан үрейленген.


Анадолыдағы су культы көбіне судың сауықтырушы және емдеуші қасиетіне байланысты болып келеді. Анадолының барлық жерінде кездесетін, шипалы деп саналатын түрлі жер асты және жер үсті суларына науқастар көп барады. Мысалы ұйықтай алмайтын балалар Кызылырмак өзеніне апарылады. Пайдалы деп есептеледі. Анадолының көптеген жерінде де «ичме» деп аталатын бұлақтар бар. Бұларды да халық шипалы деп есептейді. Осы сулардың кейбір науқастарды емдегені айтылады. Көбіне ревматизм аурулары, тері, асқазан және бүйрек ауруларына пайдалы. Халық осы жерлерге барып, сауығамыз деп сенеді. Осы сулардың көбі арасан болып келеді.


Су жалпы алғанда, байлықтың, шипа мен өмірдің белгісі. Жаман күштердің ықпалы, әртүрлі ластықты сумен жоюға болады. Адамды жаман көзден, жын мен періден, шайтаннан да қасиетті күші бар су қорғайды деп саналады. Жаңа босанған әйел мен баланы жиырмасыншы және қырқыншы күндері арнайы рәсіммен шомылдыру да осыдан келген. Бұл рәсім «қырықты ұшыру» немесе «қырқы» деп аталады. Халық арасында жын ұрған адам да ағып тұрған суға қарап сауығады деген наным бар. Түріктерде Селчук кезеңінен бері рух және ақыл науқастарын судың даусымен емдейтін орталықтар болған.
Бір адам түсінде су көрсе, несібесі мол, дәулетті адам болады деп жорылады. Таза су халал байлық пен табыс, бұлыңғыр су болса байлық пен табыстың арам екенін көрсетеді. Тұнық су жақсылық, лас су жамандық деп жорылады.


Ұзын сапарға аттанған адамның артынан су төгу әдеті бар. Бұл «су секілді ағып, кетсін, тез келсін» деген мағынаға келеді.


Анадолыда кейбір адамдар тез орындалады деп сеніп, тілектерін қағазға жазып, суға лақтырады. Кейбірі де жаман түстерін суға қарап отырып айтып, жамандықтардан құтылуға тырысады. Халық арасында сәуір айының жаңбыр суы да шипалы деп есептеледі. Сәуір айында жауған жаңбырдың суы ыдыстарға жиналып, қажет болғанда қолданылады. Мысалы шоққа да су төгуге болмайды. Отты сумен сөндірсе, сол үйдің ошағы сөнеді деген наным бар. Суға түкіруге, суды ластауға болмайды. Күнә деп есептеледі.


Күнделікті тұрмыста су - материалдық ластықтан тазаланудың, рухани кірлерден құтылудың символы. Ислам дінінде де бес уақыт дәрет алғанда сумен тазалану маңызды. Су сергектік береді, адам өмірі үшін бас тартылмас нәрсе.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар