Түрік әдет-ғұрыптары 33

Жаңбыр жауғызу мерәсімдері

90682
Түрік әдет-ғұрыптары 33

Түріктер Ислам дінін қабылдамастан бұрын және кейін қуаңшылық болған кезеңдерде жаңбыр жауғызу үшін әртүрлі салт орындалғанын көреміз. Ежелгі дәуірлерде және қазір түрік мәдениетінде жаңбырдың жаууы береке, рақымшылық және молшылық ретінде қабылданған. Жаңбыр жаумай қуаңшылық болса, Анатолы тұрғындары мұны апат, ашаршылық және кедейлік деп білген.
Жаңбыр әсіресе егіншілікпен шұғылданған қоғамдарда жиналатын астықпен тікелей байланысты болғандықтан маңызды орын алады. Жауынның түсуі молшылық, жаумауы қуаңшылыққа жол ашады. Жаңбыр жаумағаны себепті халық жаңбырды жаудыратын кейбір мерәсім мен салт жасап отырған. Бұлар суға мұқтаж және жаңбырдың жауғанын қалаған барлық қоғамдарда байқалатын әдет-ғұрыптар болып табылады. Жаңбыр жауғызатын мерәсімдер ежелгі дәуірлерден бері жалғасып келе жатқан бір дәстүр. Жаңбыр дұғасы мен салттарға қарағанда жалпы бір-біріне ұқсаса да, қоғамнан қоғамға, тіпті бірдей қоғам ішінде аймақтан аймаққа айырмашылықтар байқалады.
* * *
Анатолының барлық жерінде жаңбырдың жаууы үшін дұға оқылады. Анатолыда Исламның әсерімен оқылған жаңбыр дұғаларына қоса әдет-ғұрыптармен байланысты әртүрлі жаңбыр жауғызу мерәсімдері де өткізіледі. Жаңбыр жауғызу мерәсімдері ауа құрғаған кезеңдерде кешіккен жаңбырды жауғызу және осылайша топырақты жандандырып, берекені арттыру мақсатымен ұйымдастырылған бір қатар әдет-ғұрыптар болып табылады.
Жалпы жаңбыр дұғасы қалың жұртпен бірге оқылады. Анатолыда оқылған жаңбыр дұғасы салты екі түрлі жүзеге асады. Біріншісі ауылдың барлық тұрғындары немесе көпшілік қатысқан бір топ тарапынан оқылған жаңбыр дұғасы. Осы мерәсімдерде ислами негіздегі кейбір салт пен ғұрыптардан келген кейбір әдеттердің бір-біріне сіңгенін көруге болады. Жаңбыр дұғасының алдында бір-біріне ренжігендер достасып, құрбан шалынады. Қойлар мен қозыларды бір-біріне қаратып мөңіретеді. Әсіресе балалар мен қариялар шақырылып, Аллаға жалбарады. Кейбір аймақтарда дұға үшін жамағат мешіт ауласында жиналады. Кейбір аймақтарда болса жаңбыр дұғасын халық «киелі» деп есептелген тұлғалардың мазарларына барып оқиды.
Түріктер жаңбыр дұғасы үшін биік жерге шығудың дұғаның күшін арттыратынына сенеді. Осы биік жерлерде Аллаға арнап құрбан шалынады. Жылдың құрғақ өткен кезеңдерінде жаңбыр дұғасына шығуға шешім қабылданған соң мерәсімде сойылатын құрбандықты сатып алу үшін халықтан ақша жинайды. Жаңбыр дұғасына шығатын жұртшылық азанғы уақытта жиналады. Осы мерәсімге жануарлар мен нәрестелер де қосылады. Жиналған қалың жұрт дін қайраткерінің басшылығында дұға оқылатын орынға барады. Осы орын не таулық жер, не болмаса киелі бір тұлғаның мазары болады. Жаңбыр дұғасына жиналған адамдар алдымен намаз оқиды. Намаздың артынан жаңбыр дұғасы басталады. Қалың жұрт имаммен бірге дұға оқып, тәкбір айтады. Дұға кезінде киімдерді теріс киеді, саусақтарды жерге қаратады. Жаңбыр дұғасының артынан тәкбір айтып, құрбан шалады. Бауыздалған құрбандықты тез арада пісіріп, кедейлерге «қайырымдылық асы» таратылады. Жаңбыр дұғасы оқылған кезде мерәсімге қатысқандар егер бар болса су жағалауында тоқтап, суға лақтырады.
Түрік мәдениет тарихында жаңбыр немесе қар жаудыру үшін «ташы» деп аталатын бір тасты қолданғанын байқаймыз. Осы тасты «жаңбыр тасы» деп те атайды. Ташының шығу тегі туралы және осы таспен қалай жаңбыр жаудырғаны тақырыбында әртүрлі әңгімелер бар. Осы әңгімелердің бірінде бұл тасты қалай қолданылатынын тек қана түріктердің білетіні, осының сырын ешкімге айтпай жасырғандары айтылады. Осы тас жаңбыр, қар, бұршақ жаудыру, боран туғызу немесе оларды тоқтату сияқты табиғат құбылыстарының жүзеге асырылуында қолданылған. Осы тасты қасында тасыған адамға жай түспейді деп сенеді.
Жаңбыр жаудыру салтының екінші түрі де балалар болып табылады. Халық арасында балалардың тілектерінің қабылданатынына деген сенім кең тараған. Осы себепті олар қатысқан жаңбыр жаудыру мерәсімдерінің дәл артынан жаңбырдың түсе бастағаны айтылады. Балалардың жаңбыр жаудыру мерәсімдерінде болса ауылдың немесе көшенің бүкіл балалары бас қосып, үйлерді аралайды. Осы кезде өздерімен бірге бір қуыршақты ертіп жүреді. Кейбір аймақтарда осы қуыршақ «жаңбыр келін» деп аталады. «Жаңбыр қыдыруы» деп аталатын осы аралау барысында әр үйдің алдында бір ән немесе өлең оқып, үйдің иесінен астық сұрайды. Үйдің иесі балаларға азық-түлік беріп, балалардың қасында ертіп жүрген қуыршақтың үстіне де «жаңбыр жаусын» деген ниетпен су төгеді. Балалар жинаған азық-түлік пісіріледі және барлығы бірге ас ішеді. Балалар аралаған кезде
«Жау, жау жаңбыр,
Тегеште қамыр,
Бер Алла бер,
Жіп сияқты жаңбыр» деп жаңылтпаш айтады. Халық арасында айтылған осы сөздермен жаңбыр жеңіл түседі деген сенім кең тараған.
Балалардың жаңбыр жаудыру мерәсімдерінің өзі әдет-ғұрыптық ролін жоғалтып, ойын-сауықтық характерге көшсе де, өткеннен келе жатқан мағынасын сақтауды жалғастырады.
Жаңбыр жаудыру мерәсімдерінде ислами әдет-ғұрыптарға қоса, исламнан бұрынғы түрік нанымдарымен байланысты әртүрлі салттар қолданылады. Жаңбыр жаумаған, құрғақтық болған кезеңдерде жаңбыр жаудыру мақсатты өткен осы мерәсімдер; қиын кездерде бас қосу, бір ортада өмір сүру, бірге тамақтанып, басқаларға да ас ұсыну сияқты ортақ қозғалу түсінігін қалыптастырады. Қайталанған әдет-ғұрыптар мереке, бірлік пен ынтымақтастық сезімдерін күшейтіп, болашақ ұрпаққа жеткізеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар