Түрік әдет-ғұрыптары 28

Ауызашар дәстүрі

128563
Түрік әдет-ғұрыптары 28

Рамазан айының ең маңызды сәттерінің бірі де ауызашар болып табылады. Ауызашар ораза уақытының аяқталуы, тамақтанған кез. Жамағатпен ас ішу, кедей-кепшіктің қарнын тойғызу бұрынғы түрік ғұрпы болып табылады. Әртүрлі себептермен қонақасылар берілген. Түріктердің ислам дінін қабылдауымен бірге жамағатпен ас ішу дәстүрлерінің қатарына ауызашар да қосылды. Османлыдан бастап ауызашар дастархандары түрік мәдениетінде маңызды орын алып келеді. Ауыз ашқан кезде ең маңызды әдеттердің бірі дұға ету болып табылады. Осы дұғалардың бірі мынадай:
«Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Сенің берген ырысыңмен аузымды аштым. Сен берген береке мен денсаулыққа шүкіршілік жасадым. Әй, кешірімі мол, Раббым! Мені, жанұямды, ұлтымды, мемлекетімді және бүкіл мұсылмандарды сақта. Рақымшылығың және жәрдеміңнен мақұрым қалдырма. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір. Біздерге шаттық бер. Әртүрлі қиыншылықтарға шыдай алатын күш бер. Сенің әр нәрсеге күшін жетеді. Әумин...».
* * *
Ораза ұстау және ауызын бекіткен кісілерге ас беру жайлы Әзірет Мұхаммед пайғамбардың насихаттары аса маңызды. Әзірет Мұхаммед «Кезкелген біреу рамазан айында ораза ұстаған бір адамға ауызашар берсе күнәлары кешіріледі. Оған сол ораза ұстап жүрген адамның сауабы секілді сауап беріледі», «Мұсылман бауырына ас ұсынған Алла Тағалаға ұсынғандай болады» дейді. Әзірет Мұхаммед пайғамбардың осы мағынадағы сөздері ауызашар астарында және басқа уақыттарда адамдарды қонақ күтуге ынталандырған.
Түрік мәдениетінде ауызашар дастарханы мен ауызашар аса маңызды болып қабылданады. Ауызашарға бірнеше сағат қалғанда ауызашар дастархандары дайындала бастайды. Ауызашар да пісірілген тағамдар әдеттегіден басқаша болып әзірленсе, ауызашар дастарханы да әдеттегіден басқаша дайындалады. Экономикалық деңгейі қалай болса да, ораза айында әр жанұя міндетті түрде ауызашарға қонақ шақырады. Баршаның ауызашар дастарханы рамазан айында толады. Ауызашар рамазанның маңызды шараларының бірі ретінде саналады. Рамазанның алғашқы күндері материалды және рухани тұрғыдан үйрену кезеңі ретінде қабылданады және барша ауызашарын жанұясымен бірге қарсы алып, бірге ораза ұстайды. Ауызашар қонақ асылары оразаның 4-ші күнінен басталады.
Ауызашар ақшам азаны шақыра салып басталады. Алдымен «ауызашар дәмі» деп аталған сыр, зәйтүн, қаймақ, бал, жаңғақ желінеді. Оразаны ауызашар дәмдерімен ашудағы мақсат күнімен түк жемеген бос асқазанға бірден салмақ түсірмеу.
Асқазан жеңіл астармен үйретіледі. Кейін ақшам намазын оқиды. Намаздың артынан арнайы дайындалған ауызашар тағамдары желінеді. Рамазанның арнайы нан түрлерінің бірі ретінде «пиде», ораза тәттісі «гүллач», бастапқыда болса сорпа ауызашардың астары. Әсіресе пиде мен сорпа әр дастарханда міндетті түрде болады. Ораза ұстаған кезде шөлдемеу үшін өте шипалы «Османлы шербеті» дастархандардың басты сусыны болып табылады. Бүгін ауызашар дастарханында денсаулық үшін өте маңызды болған алдымен сыр, май, бал, жаңғақ, өрік жеп, кейін тамақ ішу ережесіне толығымен бағынбайды.
Бүкіл жанұя мүшелері, туысқандар, көршілер бірдей дастарханда басын қосқан ауызашарлар дәл қазіргі сияқты Османлыда да үлкен мәнге ие. Османлы мемлекеті кезінде әр үйде үш бөлек ауызашар дастарханы жайылатын. Осы дастархандардың бірі үйдің иесі және қонақтар үшін, екіншісі үйдің бәйбішесі мен оның қонақтары үшін және үшіншісі үйдің қызметкерлері үшін жайылатын. Осы дастархандардың ең басты ерекшелігі – барлық дастархандарда бірдей тамақтарды ішу.
Османлы кезеңінде сарай ауызашарлары өте әйгілі болатын. Бұрынғы рамазандарда қатты назар аударылған, дегенмен қазіргі кезде ұмытылған кейбір дәстүрлер болатын. Осы ауызашарлардың өте маңызды дәстүрлерінің бірі «тісбасар» еді. Ауызашарға келген қонақтарға берілген алтын ақша толы әмияндарға «тісбасар» немесе «тіс ақы» делінетін.
“Біз сені тамаққа шақырдық, сен біздің тағамды ішкен кезде тістерің қажынды, бұл сенің тісіңнің ақысы” деген оймен қонақтарға әмияндарда ақша таратылатын. Осы дәcтүр Османлы сарайынан халыққа дейін кең тараған еді. Берілген «тіс ақы» мөлшері үйдің иесінің материалды жағдайына сәйкес өзгеретін. Османлы кезеңінде бай резиденциялар мен үлкен үйлерде берілген ауызашарларда кедей халық үшін де дастархандар жайылатын. Кедейлерге де барқыттан тігілген әмияндардың ішінде күміс ақша мен алтын ақшалар берілетін.
Османлыда жерге төселетін дастархандарының әрқайсысына бір ат берілетін. Дастарханда неше қасық болса, соншама қасыққа да дастарханның аты жазылатын. Қасықтар бір себеттің ішіне қойылып, қонақтарға кірген кезде берілетін. Себеттегі қасықты алған қонақ қай дастарханның қасығын алса, сол жерге отыратын. Осылайша дастархандарда кемсітушіліктің алды алынып, қонақтар аралас отыратын. Барша тепе-тең болған осы ауызашар дастархандарында сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық және тілектестік көрсетілетін. Османлының осы жақсы және нәзік ойлары өркениеттің ең керемет үлгісі болатын.
Османлының 34-ші падишасы ІІ Абдулхамиттің қызы Айше Сұлтан «Әкем Абдулхамит» атты шығармасында сарайдағы рамазандар жайлы былай жазады: «Сарайда рамазандар өте жақсы өтетін. Бір апта бұрын дайындықтар басталатын. Сарай қоймаларынан барлық бөлмелерге үлкен шыныларда әртүрлі шербеттер мен ауызашар астар баратын. Ақшам зәмзәммен ауыз ашатын, мұздай лимон суы және шербеттер ішілетін. Сарайдың гарем бөлмесі рамазан айында мешітке айналып, барша ғибадат ететін...».
Ораза тұтқан адамдар таңғы намаздың алдында түнде ішетін ас “сәреcі” деп аталады. Сәреcі уақытының алдында сазгерлер көшелерде дабыл қағып «өлең» айтады және халықты сәреcіге тұрғызады. Бұрыннан келе жатқан осы дәстүр рамазан түндерінің қуанышы және бақыты. Үйлерде піскен нан мен басқа да тағамдар дабыл қаққандарға да ұсынылады. Дабыл қаққандар рамазан айдың аяғында ақшаларын жинайды. Сәреcі де ішкен ас ораза ұстағандардың шыдамын арттырады. Әзірет Мұхаммед «Сәреcіні ішіңіз, өйткені сәреcіде береке бар» деп бұйырған. Ауыз бекіткен кезде жеген астар ауыз ашқан кезде ішкен тағамдарға қарағанда жеңіл болады. Асқазанды шаршататын ет тағамдарынан гөрі қамырдан пісірілген түрлі самсалар, палау және дененің қант қажеттілігін қамтамасыз ететін кептірілген жеміс-жидектер таңдалады.
Ораза ұстау, ауызашар, сәресі, тісбасар, таравих намазы сияқты көптеген жақсы сәттермен өткізілген рамазан айлары бірлік түсінігі күшейген, әлеуметтік ынтымақтастық пен жәрдемдесулер артқан, дене әсіресе де асқазан демалған өте маңызды бір кезең болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар