Түрік әдет-ғұрыптары 22

Маусымдық мерекелер - "Шағылыстыру" және "Сая мерекесі"

82817
Түрік әдет-ғұрыптары 22

Маусымдар мен маусымдарға қатысты атқарылатын жұмыстар көптеген қоғамда болғандай Анатолыда да қоғам тіршілігінде наным, мереке және әдет-ғұрыптарға негіз болған. Күнтізбеге қатысты мерәсімдер мен мерекелер қоғамдар тарапынан ұйымдастырылады. Бұл мерәсімдер табиғатты бақылау нәтижесінде ортаға шыққан табиғи күнтізбе негізге алынып тойланады. Осы мерәсімдердің бірі «Коч катымы» яғни, «Шағылыстыру» деп аталады. Осы айда қозылардың дүниеге келетін күні жоспарланады. Қошқар мен қойды бір жерге қояды. Шағылыстыру бастама ретінде қабылданады. Басқаша айтқанда, жаңа күнтізбе пайда болады. Шағылыстыру күні тіркеледі. Осы айда қысқы қойшылар жалданады. Қойшыларға бір жылдық жалақылары сол күні беріледі. Құда түсу, қалыңдық іздеу, неке қию және той жасау осы айдың ішінде жүзеге асады. Осы ай берекенің, көбеюдің, молшылықтың жаңа бір бастаманың кезеңі болып табылады.
* * *
Шағылыстыруды күзгі маусымда жасаудың мақсаты қоздаудың қысқы маусымға емес, көктемге дөп келуін қамтамасыз ету. Мал иелері қозылардың қыстың суық және қатаң ауа райынан зиян көрмеуі үшін шөп басқан көктем маусымында дүниеге келуін қалайды. Осы жұмыстар кезінде халық күнтізбесі мен метеорология аса маңызды роль атқарады. «Сәуірдің бесінші күні» болатын қарқынды бораннан зардап шекпеуі үшін қозылардың осы күннен кейін туылуы жоспарланады. Шағылыстыру уақытынан бірнеше ай бұрын қошқарлар үйірден айырылады және энергия тұрғысынан бай жеммен қамтамасыз етіледі. Шағылыстырудың бір күн алдында қойды сауады және сүтінен «Қошқар қатығы» аты берілген қатық жасалады.
Анатолының жан-жағында шағылыстыру жасалған күні мерекелердегі сияқты бір мерәсім өткізіледі. Қошқарды әсемдейді, мүйізіне алма ілінеді, орамал немесе қол орамал байлайды. Кейбір аймақтарда ақ селдір матаның ішіне біраз халуа қойып, осы селдір матаны қошқардың басына байлайды. Қошқар осы түрімен қойлардың арасында жүреді. Селдір матаның ішіне халуа қою, қозылардың ақ болуы және үйірдің тыныштық сақтауы деген мағынаға келеді. Сондай-ақ Қошқардың мойынына жаңғақтар, печенье, шоколад немесе алма тізбеленген бір алқаны да байлайды.
Алма көне түркілік ырымдардың басында келеді және көбеюдің символы ретінде маңызды болып табылады. Осы жеміс-жидектер кейіннен қойшы мен айналадағы балаларға таратылады жейді. Қошқардың құйрығын, арқасын және маңдайын қызғылт, қызыл, жасыл және күлгін сияқты түстермен бояп тастайды. Осында мақсат – үйірдің ішіндегі қошқарды белгілеп алу. Шағылыстыру күні қошқар жіберілмейді, қорасынан алып, ауыл алаңына әкеледі. Мал иесі шағылыстырудан бұрын дайындықтарды бастайды. Құймақ, самса, қаттама пісіреді. Осы ұннан жасалған астарды «береке мен үміт наны» деп атайды. Ауылдың тұрғындары сол күні ауылдың алаңында дауылдатып, кернейлетіп жинала бастайды. Қой үйірі ауылдық алаңға шығарылады. Ауылдың имамы «шағылыстыру» дұғасын оқиды. Дұғаның артынан қойшылар безендіріліп, қына жағылған қошқарды «құт, береке болсын» деп қойдың қатарына жібереді.
Кейбір аймақтарда болса үйір иесі қара түсті бір киім киеді. Қара киімді қара түсті қойдың жақсы екендігімен байланыстырады. Үйірдің иесі киген қара түсті киімге қоса басына ақ орамал байлап алады. Мұны қойлардың кеудесі қара, маңдайлары ақ болсын деп жасайды.
Халық арасында шағылыстыру мәресімімен байланысты кең тараған ырымдар да бар. Мысалы Қошқар алдымен ақ қойға баратын болса, сол жылы ақ қозының көп болатынына сенеді. Үйірге қосылған қошқар қара қойды таңдаса, сол жылы қыс маусымының ауыр өтпейтініне, ақ қойды таңдаған жағдайда қыс маусымының өте суық, ұзақ және көп қар түсетініне сенеді.
Қозылар еркек болу үшін қошқардың үстіне ер баланы отырғызады, ұрғашы болсын деп қыз баланы отырғызады. Қошқарды үйірге апарып бара жатқанда, жолда еркек кездескен жағдайда туатын қозының еркек, әйел кездескен кезде ұрғашы болып дүниеге келетініне сенеді. Әсіресе осы ырымдар кеңінен тараған.
«Шағылыстырудың» артынан келген «Сая мерекесі» де көбею мен қайта жанданудың мерекесі ретінде тойланады. «Сая» буаз қойлар ішіндегі қозы жүз күндік болған кезде қойшылар жасаған мерәсім болып табылады. Қойлардың буаз мерзімі 150 күн болып табылады. Қоздауға елу күн қалғанда, қозының қойдың ішінде жанданғанына, жүндерінің шыққанына сенеді. Сая мерекесі шағылыстыруға қарағанда одан жақсы іс-шаралармен тойланады. Осы күні «малдың жүзі» немесе «сая қыдыру» деп аталған ауыл ойындары ойналады.
Сая мерекесінде әсіресе ауылдарда өткен әдет-ғұрыптар кіші мал мен ірі қаралар бұзаулап бастайтынын және қыс маусымының жартысын артта қалдырғанын сүйіншілеу, Алладан молшылық және береке тілеу мақсатты жасалады. Қойшылар қастарына жастарды алып, сая тобы құрайды. Түнде өтетін мереке іс-шаралары мыналар болып табылады: Қойшылар, жастар және балалар әртүрлі және қызық киімдер киіп, үйлерді аралайды. Жаңылтпаштар айтып, азық-түлік немесе ақша жинайды. Үйлерді аралап болған соң жиналған азық-түлікпен ас пісіреді және сая аралаушылар бірге тамақтанады. Кейбір аймақтарда болса «ауылдық тамашалар» деп аталған ойындар ойналады. Осы ойындар қайта жанданудың символы ретінде қабылданады. Мереке іс-шаралары таң атқанша жалғасады. Анатолыда қоздау да мерәсімдермен тойланады. Қойшы қойдың қоздағанын иелеріне білдіреді. Қой иелері қойшыларға «дөлжек» деп аталатын жеміс-жидектерді сыйлық ретінде береді. Қойшы өзіне берілген жемістерді балаларға таратады. Мерәсімдерде ересектер күн көруге қажетті мал мен өсімдіктерге қол жеткізу үшін молшылық пен береке тілейді. Жастар мен балалар да тойлады.
Орталық Азиядан шыққан осы ырымдар мен әдет-ғұрыптар исламдық мотивтермен синтезделген. Қазір осы әдет-ғұрыптар кейбір аймақтарда жалғасса да, бұрынғы жандылығын жоғалтқан деуге болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар