Түрік әдет-ғұрыптары 20

Түрік әдет-ғұрыптарында көктем мерекелерінің бірі - Хыдыреллез

82765
Түрік әдет-ғұрыптары 20

Мерекелер ұлттық және діни сезімдерді оятып, наным мен әдет-ғұрыптарды жүзеге асыратын, таныстыратын қоғамда ұлттық сананы қалыптастыратын, күшейтетін бір күн болып табылады. Мерекелер аясындағы салт-дәстүрлерді қалыптастырып, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыру керек. Өткеннен бүгінге дейін барлық ұлттарда жылдар мен маусымдарды да мерәсіммен қарсы алу, мереке ретінде тойлау, әдетке айналған. Мұндай мәресімдер адамзаттың тарихымен тең. Хыдыреллез де көктем мерекелерінің бірі ретінде қабылданады. Түрік нанымдарына қарағанда «Қыдыр» мәңгілік өмірдің сырына жеткен бір пайғамбар болған. Қыдыр тәңірінің мықты және қайырымдылық елшісі болып табылады. Қыдырдың мұқтаждарға жәрдем жасағанына сенеді. Хыдыреллез күні Қыдыр мен Ильяс пайғамбарлардың жер жүзінде бас қосқаны айтылады. Халық осы күнді «Қыдыр мен Ильястың бас қосу күні» деп атайды. Осы атау кейін айтыла келіп, «Хыдыреллез» деп аталған. 5 мамырды 6 мамырға байланыстырған түні және азанғы уақытта Қыдырдың жер жүзіне келетіні, жағдайы нашарларға жәрдем ететіні және тілектерін орындайтынына сенеді. Хыдыреллез түрік қоғамында ұзақ мерзімнен бері жалғасып келе жатқан бір көктем мерекесі болып табылады. Хыдыреллез төңірегінде жүзеге асқан әдет-ғұрыптар, нанымдар , тыйымдар мен қысымдар осы күнде де күшін сақтайды.
Хыдыреллез іс-шаралары негізінде береке, молшылық, байлық, мүлік, несібе, шипа, денсаулық сақтау тілектері орын алады. Әр қайсысы көне түркі нанымдарының бір қалдығы болған осы береке тақырыпты мерәсімдер және әдет-ғұрыптар көктемде қайта оянуды, берекені, тіршілікті жаңадан бастауды, дүниеге келу және үмітті бейнелейді.
* * *
Хыдыреллез Анатолы халқының көпшілігі тарапынан той-думандармен, пикник және топтық астармен тойланады. Хыдыреллез аясында кейбір нанымдар мен әдет-ғұрыптар болады. Мереке іс-шаралары да осы нанымдар төңірегінде жүзеге асады. Халық Хыдыреллезді қарсы алу үшін дайындық жасайды. Хыдыреллездерде жасалған дайындықтардың ең маңыздысы - үйді тазалау. Барша үйінің іші мен сыртын, ауласын тазалауға мәжбүр. Өйткені Хыдыреллез күні Қыдыр үйлерді аралайды. Қыдырдың ғаламшарда аралап, қолы тиген жерге береке әкелетініне қатты сенеді. Анатолыда дорбалардың, азық-түлік қаптарының басы немесе қақпағы береке артсын деп ашық тасталады. Халық арасында «қаптарыңды ашық таста, Қыдыр келеді» деген сөз жиі айтылады. Қыдыр барған үйдің кедейлік көрмейтіні айтылады. Хыдыреллез түні көк аспанның ашылатынына сенеді. Кемпірлер көк аспанның ашылатынын көру үшін сол түні ұйықтамайды, жас қыздар болса тілек тілейді. Хыдыреллез күні азанда жаңбыр жауатын болса, сол жылы береке мен молшылық болады. Хыдыреллез күні ақ көбелек көрген кісінің несібесі артады.
Қыдыр мен Ильястың бас қосуы барлық табиғатқа жан береді. Осы себептен Хыдыреллез күні жасыл еш нәрсені жұлып алуға болмайды. Күн шықпай тұрып жайылмаларға шығады. Гүлдердің үстіндегі су тамшысын жинап, шипалы деп қолы мен бетіне жағады. Қырық түрлі өсімдікті жинап қайнатады. Қайнатқан соң суын «шипалы» деп ішеді, не болмаса оған шомылады. Сол суға шомылғандардың жыл бойы әртүрлі жамандықтан сақтанып, науқастанбайтынына сенеді.
Хыдыреллез күні ауру, көз тию, сиқырдан қорғау үшін есікке адыраспан ілінеді. Хыдыреллез күні гүл және жүзім ағаштарына тілектер жазылған хаттар байлайды. Осы жазылған хаттарда бір жұмыстың іске асуы, тұрмыс құру, шипа іздеу, қауышу, оқуға түсу, бала көтеру сияқты тілектер орын алады. Үй, машина тілегендер гүл ағаштың астына таспен суретін салады немесе бір тілек қағазы дайындап, гүлдің астына қалдырады. Бұларды ертеңгісін де қайтып алады. Гүл ағаштың астына кейін «береке» ақшасы ретінде қолдану үшін ақша да тасталады. Анатолының жан-жағында болмаса да Хыдыреллез күні оқитын дұға мен тілектердің қабыл болуы үшін қайырымдылыққа ақша береді, ораза тұтып, құрбандық шалады.
Бір алақандай жүгеріге дұға оқып, ауланың бір шетіне тастайды. Ертеңінде азанғы уақытта жүгеріні қалдырған адам оны санайды. Жүгерінің саны жұп шықса, онда осы адам сол жылы үйленеді. Егер жүгерінің саны жалқы шығатын болса немесе құстар бәрін жеп қойса, онда бойдақ қалады. Хыдыреллез түні есіктің қасына бір тас қалдырылады. Егер тастың астын құмырсқа басатын болса, сол жылы береке мен молшылық болатынына сенеді.
Жас қыздар достарынан жүзік, сырға, түйме, моншақ, ине сияқты заттар жинайды және осыларды қыштан жасалған бір құмыраның ішіне салған соң ішін сумен толтырып, басын селдір матамен байлап, гүл ағаштың астына көмеді. Бас қосқандар құмыраны орнынан шығарады. Келін киімі кигендердің бірі «Күйеуге шықпаған қыздардың бақытын ашамын» деп құмыраның басын ашады. Құмыраның ішінен бір бұйымды шығарып жатқанда, өлең оқиды. Құмырадан шыққан бұйым кімдікі болса, сол жылы оның бақытты екеніне сенеді. Кейін өлең шумағы әр оқыған сайын құмырадан бір бұйым шығарып алады. Сол шумақ бұйым иесінің «тілегі орындалсын» деген ниетпен оқылады.
Хыдыреллез күні жасаған нәтижесі нашар болады деген кейбір істер бар. Халық әсіресе мұндай тыйымдарға бағынуға тырысады. Хыдыреллез күні үйдің қабырғасын бояп, әктемейді. Хыдыреллез күні кешкі уақытқа дейін ұн қабы мен қамыр илеу тақтайына қол тигізбейді. Ұн илеп нан пісірілмейді. Төбелеспейді. Ұйықтамайды, егер де ұйықтайтын болса жыл бойы ұйықтап жүретініне сенеді. Хыдыреллезбен байланысты барлық осы әдеттер халықтық сенім болып табылады.
Хыдыреллез барлық мерекелер сияқты адамдардың басын қосқан, араласып бір-біріне көмектескен бір күн ретінде қабылданады. Хыдыреллез мерекесі адамдар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді, реніштерді жою үшін қажетті ортаны қамтамасыз етеді. Піскен асты басқалармен бөлісу және топтық ас тарату бірлік пен ынтымақтастыққа қоса әлеуметтік бірлікті де қамтамасыз етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар