Түрік әдет-ғұрыптары 11

Түрік мәдениетінде бала ұғымы - ІV / "Тіс бидайы" және "Тіс хедиғи" мерәсімдері

82709
Түрік әдет-ғұрыптары 11

Бала өміріндегі басқа бір мерәсім баланың тісі шыққан кезде жасалады. Баланың шыққан тісін алдымен кім көрсе, балаға бір сыйлық алады. Тісті алғашқы көрген кісі жанұяға темір немесе метал бір зат сыйға тартатын болса, баланың тістерінің темірдей мықты болатынына сенеді. Баланың тісі шыққанда, есімін пісірілген астан алған «тіс бидайы» немесе «тіс хедиғи» деп аталатын мерәсім өткізіледі. Бұл мерәсім баланың тісінің тездетіп және ауыртпай шығуы мақсатты жасалады. Бидай молшылық пен берекенің символы болып табылады. Сондықтан мерәсімде баланың өмірі де берекелі болсын деген ниетпен бидай қолданылады.
* * *
Халық арасында тіс бидайының тұңғыш рет Әзірет Мұхаммад пайғамбардың алғашқы тісі шыққан кезде шешесі тарапынан жасалғанына сенеді.
Нұт, фасоль және бидайдың пісірілуімен тіс бидайы дайындалады. Пісірілген материалдың суын сүзген соң араластырады және жеудің алдында қант қосылып, кейін үстіне фундук, жаңғақ және кептірілген жүзімді жаяды. Тіс бидайы пісірілетін күні қонақ шақырылады. Жерге жапқыш жайып, бала үстіне отырғызылады. Дәл азан шақырған кезде «бісмилла» деп дұға оқып жатқанда баланың төбесінен тіс бидайы төгіледі. Бидайды сеуіп жатқан әйел «Тісің, басың аман болсын, Алла тағала күйеу-келіндігін көрсетсін» дейді. Сепкен бидайдан жерге түспей баланың басында қалған жеті дананы бір жіпке өткізеді. Бала ер бала болса мойынына, қыз бала болса шашына тағады. Кейбір аймақтарда да бұл бидайлардың отыз екі данасын бірге жіпке тізеді. Бұл бидайлар кепкенше баланың мойнынан шығарылмайды. Бұл дәстүрде баланың тістерінің толық, түзу және кезегімен шығуы символдық түрде түсіндіріледі. Баланың басынан алған басқа бидайларды да құстар жесін деп аулаға тастайды. Бұл бала табиғатты және құстарды жақсы көрсін деген оймен жасалады. Баланың шешесі бір жаймаға Құран, кітап, алтын, нан, айна, тарақ, қайшы, ине, ақша, ойыншық, жұмыртқа қояды. Жайманы балаға қарай ұсынады. Баланың жаймадан таңдаған заттарына қарай баланың келешегі мен мамандығы жайлы пайымдар жасалады. Бала кітапты ұстаса білімді болатынына, Құранды алса дін жолын ұстайтынына және ғұламалық жасайтынына, қайшы мен инені алатын болса тігінші болатынына, ақша немесе алтынды алатын болса, бай болатынына, нанды ұстаса ырысы мол болатынына, айна ұстаса өте әдемі болатынына сенеді. Келген қонақтарға тіс бидайына қоса фундук, жер жаңғақ, әртүрлі дәмдеуіштер, маусымына қарай жеміс-жидектер аймақтарға қарай тағамдар беріледі. Мерәсімнің аяғына қарай қонақтар балаға әкелген сыйлықтарын табыс етеді. Баланың тісін алғашқы көрген кісі балаға үлкен сыйлық алуға тиісті болып есептеледі.
Анатолыда тіс бидайы жасамаған жанұялардың баласының тістерінің қиын шығарылатынына, тіс бидайы жасап, қаншалықты көп таратылса баланың денсаулығының соншалықты мықты және тістерінің әдемі болатынына сенеді. Анатолыда бала үшін әр сылтаумен мерәсімдер өткізілген. Бұл түрік мәдениетінде балаға деген маңызды көрсетеді.
Баланың алғашқы тісінің шығуына қоса, алғашқы тісінің түсуі мен бұл тістің қайда сақталатыны да маңызды. Баланың түскен тұңғыш тісі мен кеуіп түскен кіндігіне қатысты мерәсімдерде параллелдік кездеседі. Алдынғы бағдарламамызда атап көрсетілгендей, Анатолыда кеуіп түскен кіндік бауының не болатыны жайлы әртүрлі нанымдар мен әдет-ғұрыптар қалыптасқан. Баланың кеуіп түскен кіндігі кезкелген жерге тасталмайды. Кіндік бауы көмілген жер аса маңызды. Көбінесе кіндік бауы мен баланың болашағы арасында байланыс құрылады. Бұл жағдай тіске де қатысты болып табылады. Тіс тасталған жердің таза және аяқ баспайтын жер болуы міндетті. Әйтпесе баланың тістерінің шіритініне және балаға зиян келетініне сенеді. Анатолыда баланың тісі түскен кезде жанұясы қандай бала болуын қалайтын болса, тісті тиісті орынның ауласына, төбесіне лақтырады. Егер баланың білімді бір адам болуын қаласа мектепке, дәрігер болуын қаласа ауруханаға, діншіл болуын қаласа мешітке және жанұясына берілген болуын қаласа тісті үйдің төбесіне лақтырады. Баланың өсу кезеңіндегі әр жаңалық әке-шешесі және айналасы тарапынан назар аударып қадағаланады. Жүре бастауы және сөйлеуі кешіккен балалар үшін де кейбір ғұрыптар жасалады. Жүруге кешіккен немесе жүру мерзімі келген кезде жүре алмаған балалар үшін «тұсау кесу» дәстүрі жасалады. Баланың аяқ буындары бір-біріне жіппен байланады. Жұма күні намаздан шыққан алғашқы адамға бұл жіпті шешкізеді. Осы әдіс арқылы баланың тез арада жүруіне көмектесетіні жайлы сенім кең тараған. Кейбір аймақтарда болса жанұяның төңірегіндегі жастар шақырылады. Баланың аяқтарын бір жіппен байлайды, аяққа байланған бұл жіп түрік тілінде «көстек» яғни тұсау деп аталады. Бала өзімен өзі егер аяғынан тұра алмайтын болса, шешесі көтеріп тұрады.
Баланың аяғының қасына бір ыдыстың ішіне кәмпит, кептірілген жемістер, жүзім және әртүрлі дәмдеуіштер қойылады. Баланың аяғына түйіншектелген жіпті кесетін жастар жарыса отырып балаға жақындайды. Жеңіп алған жігіт қайшымен жіпті кеседі. Кесілген жіптер баланың аяғынан бірнеше күн шешілмейді. Жіпті кескен жігітке сыйлықтар беріледі. Бұл ғұрыпты түрік тілінде көстек кесу (тұсау кесу) деп атайды. Тұсауы кесілген баланың құламай түзу жүретініне сенеді. Кейбір аймақтарда да жүре алмаған қыз бала болса жіпті әйелдер, ер балалар болса еркектер кеседі. Баланың аяғындағы жіпті кесу мерәсімінің артынан халықтан жиналған тары, тархана, және әртүрлі азық материалдары «тамақ» боп пісіріліп, халыққа таратылады. Баланың тез жүріп кетуі үшін дұға оқиды. Бұл мерәсім әсіресе бейсенбі не жұма күні өткізіледі.
Қабілетсіз адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Баланың тұсауын кім кессе, баланың қылығының болашақта соған ұқсайтынына сенеді. Тұсау кесу мерәсімі тек қана жүре алмаған балалар үшін жасалмайды. Жүргенде жиі құлайтын балалар үшін де жасалады. Бұл дәстүр азғана айырмашылықпен барлық аймақта бірдей өткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар