Түрік әдет-ғұрыптары 01

Түрік мәдениетінде отбасы ұғымы

82545
Түрік әдет-ғұрыптары 01

Түрік мәдениетіндегі нанымдар мен салт жораларын әдет-ғұрыптар төңірегінде бағаландырамыз. Осы әдет-ғұрыптар орындалған отбасының қоғамда алар орны және құндылығы тақырыбында бір бағаландыру жасаған дұрыс болар деп есептейміз.
Бір қоғамның құрылуына негіз болған ең маңызды іргетастардың бірі отбасы болып табылады. Жанұя ұғымы Орталық Азиядан Анатолыға дейін үздіксіз жалғасқан. Отбасы - бірлік, бір-біріне қарсы рақымшылық пен мейірімділік көрсету, пидақорлық және сүйіспеншілік көрініс тапқан кіші бір қоғам болып табылады. Халық арасында «Жалғыз ағаш орман болмайды» деген түсінік бала-шағалы болуды насихаттайды. «Бойдақтың ақшасын ит, жағасын бит жейді» деген мақал болса бойдақтықты сынға алады. Жанұялы болудың шартын, маңызын түсіндірген көптеген мақал-мәтел бар. Отбасылар қоғамның жағдайына сай құрылады. Түріктің байырғы мемлекет салтында әйеліне күйеуінің қасында абыройлы бір орын беріліп, тұрмыс құрудағы ережесіне назар аударылған. Мерәсім және мерекелерде әйел қағанның сол жағында отырып, саяси және басқару тақырыптары жайлы көзқарастарын білдіретін. Бұйрық мәтіндерінің басында «Қаған мен ханым бұйырады» деп жазатын.
* * *
Зия Гөкалп «Келін мен күйеуі әкенің немесе қыздың шаңырағында өмір сүрмей, жаңа бір шаңырақ құрайтын. Осы себептен де түріктер әрбір неке жаңа бір шаңырақ тігеді» дейді.
Ежелгі түріктер көшпенді болғаны себепті жанұя ата-ана және балалардан құралатын. Ежелгі түрік қоғамында жанұя өзара сүйіспеншілік пен құрмет негізінде құрылған. Жанұя мемлекеттің ең кіші бөлшегін құрағандықтан ақсақалдық ру қоғам формасындағы жанұяның басшысы болған әке мемлекеттің де өкілі іспеттес. Ана (әйел) болса әр тақырыпта үйде теңдікті орнатып, жанұяның шаңырағын көтеретін. Сүйіспеншілік пен құрметтеу негізінде құрылған осындай отбасылар мықты бір қоғамға негіз болатын. Жанұяда әке сөздің иесі болса да, барлық мәселеде отбасы мүшелерінің көзқарастары тыңдалатын. Әкенің мұрасы тікелей шешеге қалдырылатын және балаларына қамқоршы болатын.
Бір ұлттың өткеніне куәгерлік жасаған аңыздарда батыр үйленетін қызды өзі таңдап, мұның үшін әртүрлі күресті қабылдайды. Бұл жағдай әйелдер үшін де солай болған. Түрік әдебиетінің, тілінің, пәлсапасының, мәдениетінің іргетастарының бірі ретінде «Қорқыт Ата» кітабында да отбасының маңызы ашық және нақты түрде ортаға қойылған. Қорқыт Ата хикаяларының бәрінде әйелдің күйеуіне және еркектің әйеліне деген сүйіспеншілігіне қоса бір-біріне деген адалдығы атап көрсетіледі. Хикаяларда жұбайлардың бір-бірін шақыруы да назар аударған тақырыптар арасында. Жұбайлардың бір-біріне айтқан жылы сөздер иеленудің және махаббаттың бір көрінісі. Мысалы Дирсе хан жұбайына «Бері келші басымның тағы, үйімнің бақыты, жұбайым, шаңырағым, балаларымның анасы» деп шақырады. Ханның жұбайы болса жұбайына «Бері келші басымның бақыты, үйімнің тағы, хан әкемнің күйеу баласы, шешем жақсы көріп құрметтеген, көзімді аша салып көрген жарым Дирсе хан. Бір жастыққа бас қойғаным, жолыңа құрбан болғаным». Жұбайлардың бір-біріне жылы сөйлегенде таңдаған сөздері сүйіспеншіліктің, құрметтеудің көрінісі ретінде еріндерде төгіліп, тұрмыстары беки түседі.
Түрік қоғамында көп жұбайлық болмаған. Аңыздарда да, Қорқыт Атада да бірден көп үйленудің белгісі кездеспейді. Дирсе хан баласы болмағаны себепті жұбайына мұның себебін сұраса да, қайта үйлену ешқашан есіне түспеген. Манас дастанында Жақып ханның да ұзақ жылдар баласы болмаған. Дегенмен наразылығы кіші бір өкініштен әрі кетпеген. Жұбайлар арасында сүйіспеншіліктің негізін құрмет және адалдық құрайды. Жұбайын соғысқа, алысқа шығарып салғанда, ұзақ жылдар жалғасқан үмітсіздіктің өзінде тұрмыс тіршілігі мен намысын бәрінен көп қадірлеген әйелдер адалдық пен сенімділіктің ең жақсы үлгісі болған. Қорқыт Атаның «Ұшын Қожаұлы Сегрек» атты хикаясы тұрмысқа шыққанынан бастап, жұбайын күтуге мәжбүр қалған жас әйелдің, жұбайын күтудегі құрметін, адалдығын және намысын сақтауын ортаға қояды. Бұл жас келіннің күйеуіне арнаған төмендегі жолдары осы тақырыпқа жақсы үлгі боларлықтай.
«Жігітім! Мен сенің жолыңды бір жыл күтейін,
Бір жылда оралмасаң, екі жыл күтейін,
Екі жылда қайтпасаң үш жыл, төрт жыл күтейін,
Алты жолдың тоғысына шатыр көтеріп,
Келіп - кеткеннен хабарыңды білейін,
Жақсы хабар айтқанға, қызыл киім беріп,
Шапан жабайын».
Жоғарыдағы өлең жолдарында қайғылы бірақ тұрақты күткен әйелдің жұбайына деген бағасы мен маңызы көрінеді.
* * *
Анатолы әйелі соғыс кезінде осы үнсіз бірақ тұрақты күтудің батырлары болған. Дирсе ханға үн қатқан жұбайы болса «сенен басқа бір жігітті жақсы көріп, оған тұрмысқа шығатын болсам, мені қызыл жылан шақсын» дейді. Жұбайлардың бір-біріне берген бағасы, опалылығы мен адалдығы жанұяны көтереді. Анатолы жерінде жүздеген жылдар өтсе де, бір «Эғин» (Эрзинджан қаласына қарасты бір аудан) өлеңі, алыстағы жұбайына үн қатқан әйелдің осы опалығы мен адалдығын «тарадым шашымды, саған арнадым» деген өлең жолдарымен түсіндірген.
Қорқыт Ата хикаяларында отбасының барлық мүшелері арасындағы бағыныштылық назар аударады. Отбасының әрбір мүшесі бір-біріне бекім байланысқан. Ежелгі түріктердегі мықты отбасы құрылымының маңызды тақырыптарының бірі де «Үлкенді құрметтеп, кішкентайға мейірім көрсету» болып табылады. «Бір үйде тәртіп болса, бұзақы шықпас» деген мақалдағы сияқты қоғамның мықты, әдепті, құрметтеуші, ұлттық және рухани құндылықтарына бағынған ұрпақ тәрбиелеу оқу мекемелерінен бұрын отбасымен байланысты. Бала туылған кезде үлкен қуанышпен баланың дүниеге келуін тойлаған жанұясының ең басты міндеті жанұяға, ұлтына және отанына пайдалы, жақсы бала тәрбиелеу болып табылады. Қорқыт Атаның хикаяларында бұл тақырып мына сөздермен түсіндіріледі: «Қыз анадан көрмесе насихат алмайды, ұл әкеден көрмесе дастархан жаймас. Ер бала әкенің құпиясы; екі көзінің бірі. Дүниесі бар бала от жағады, дүниесіз бала от өшіреді».
Түріктерде тұрмыс құрудың маңызы мен отбасының құндылығы Орталық Азиядан Анатолыға дейін өзгермей келеді. Ислам дінімен бірге одан да өсіп өнген. Расулуллах «Киелі және ұлық Алланың алдында тұрмыс құрудан жағымды және құнды бір ғимарат салынған емес. Үйлену - менің сүндетім. Олай болса, кімде кім сүндетімді орындамаса менен емес» деп бұйырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар