Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2225567
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті Ердоғанның PKK/YPG лаңкестік ұйымдары туралы сөздеріне орын берген.
Президент Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Ердоған Түркияның Сирияда әрекет ететін PKK/YPG террористік ұйымының аймақтағы күрдтердің өкілі ретінде қаралуын қабылдай алмайтынын, ДАИШ-тың аймақтағы хаостан пайда көруіне жол бермеу және Израильдің жағдайды пайдаланып, Сириядағы жаңа процесті бұзуының алдын алу қажеттігін айтты.

 

Йени Шафак газеті "Түрік энергетика делегациясы жағдайды бағалау үшін Дамаскіде" атты тақырып қолданған.  Түркия Сирияның энергетикалық инфрақұрылымын қайта іске қосуға арналған жұмыстарды анықтау және жол картасын жасау үшін Дамаскіге делегация жіберді.

 

Ватан газеті министр Алпарслан Байрактардың «Шырнактағы мұнай өндірісі тәулігіне 70 мың баррельден асты» сөздеріне орын берген.
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар: "Шырнак энергетика мен мұнай үшін маңызды аймаққа айналды. Қазіргі таңда өндірісіміз тәулігіне 70 мың баррельден асты," – деді.

 

Сабах газеті "Togg 20 айда 72% отандық үлестен асып түсті" атты тақырып қолданған.
Түркияның жергілікті автокөлігі “Togg” нарыққа шыққаннан бері 20 ай ішінде Өнеркәсіп және технология министрлігінің отандық өнім туралы хабарламасына сәйкес 72,18% отандық үлеске жетті.

 

Хүрриет газеті "HÜRKUŞ алғашқы ұшуын жүзеге асырды" атты хабар жариялаған.
Түрік Әуе Күштерінің ұшқыштарды дайындау қажеттілігін қамтамасыз ету және қорғаныс өнеркәсібінің мүмкіндіктерін дамыту мақсатында «TUSAŞ» компаниясы шығарған «HÜRKUŞ» алғашқы ұшуын сәтті орындады. 20 минуттық ұшу барысында «HÜRKUŞ» 6 500 фут биіктікке және 140 түйін жылдамдыққа жетті.



Ұқсас жаңалықтар