Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2225156
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған Оңтүстік Кореяға көңіл айтты» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік Кореяда болған ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына, Оңтүстік Корея халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

Стар газеті «Ердоғанның ұсынысын қарастырамыз» атты хабар жариялаған. Түркияның әр салада өздерінің жанында екенін айтқан Судан министрі әл-Иайсир президент Ердоғанның Судан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін Түркияның дәнекерлігі туралы ұсынысын жоғары бағалап, құрметтейтіндерін білдірді.

Хүрриет газеті «Сириядағы қайта құру сауданы күшейтеді» деген хабарға орын берген.  Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз Сириядағы қайта құру арқылы қолайлы ортаның қалыптасуы сириялықтардың елдеріне оралуына және екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастарының дамуына көмектесетінін айтты.

Сабах газеті «Түркия энергетика саласында көшбасшы болуды мақсат етеді» деген тақырып қолданған. Энергия және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түркияның энергия саясатында халықаралық бәсекелестікте маңызды деңгейге жеткенін білдірді. «Біз табиғи газдан атомға дейін, жаңартылатын энергиядан сутегі технологияларына дейінгі барлық салада көшбасшы болуды мақсат етеміз» деді ол.

Ватан газеті «Байкардың «Piaggio Aerospace» компаниясын сатып алуы әлемдік күн тәртібінде» деген хабар жариялаған. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы түрік фирмасы «Байкардың» итальяндық «Piaggio Aerospace» компаниясын сатып алуы әлемді дүр сілкіндірді.  компанияның «F-35» реактивті ұшақтарының қозғалтқыш бөлшектерін шығаруы да назар аударды. Осы сатып алу арқылы Түркия өзі шығып қалған «F-35» бағдарламасына қайта оралды деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар