Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Хүрриет газеті Ұлттық Қорғаныс министрлігінің «Террор ұйымының қаруын тастаудан басқа амалы жоқ» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ақпарат көздері Сирияның жаңа әкімшілігімен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен лаңкестікпен күресті ұйымдастыруға назар аударды. Террор ұйымы PKK/YPG-нің қаруын тастаудан басқа шарасы жоқ екеніне назар аударған ақпарат көздері «Олар не қаруларын тастайды, не өледі» деді.
Хабер Түрік газеті «Ресейден Түркия мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркияның Сирия шекарасындағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығына түсіністікпен қарайтынын атап өтіп, «Түркияның қауіпсіздік мүдделері тек Сирияның егемендігі, аумақтық тұтастығы мен бірлігін қорғайтын түрде қамтамасыз етілуі керек. Түрік әкімшілігі бұл бағытта бір көзқарас ұстануда. Біз қолдаймыз»,- деді.
Стар газеті «Түркияға әуе көпірі миссиясы» атты хабарға орын берген. Түркия Дамаск пен басқа қалаларға көмек жіберу үшін әуе көпірі қызметін атқаруда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 50 тонна медициналық құрал-жабдықтары Түркияға әкелінді. Көмек Сирияға Стамбулдан жөнелтіледі.
Йени Шафак газеті «Көші-қон және адам құқықтары орталығы құрылуда» атты жаңалық жариялаған. Түркия мигранттардың құқықтарын қорғау және маңызды мәселелерге қатысты саясатты дамыту мақсатында «Көші-қон және адам құқықтарын зерттеу орталығы» атты жаңа орталық құруда.
Сабах газеті «Француз баспасөзінен түрік қорғаныс өнеркәсібіне мақтау» тақырыбында хабар жариялаған. Франциялық «Secret Defence» ақпарат сайты Түрік Әуе күштері үшін әзірленген «Gökçe» және «Gözde» жаңа буын қару жинақтары туралы таңданыспен жазды. Анкараның геосаяси ықпалының жаңа буын қару жүйелерімен одан әрі күшейетіні хабарланды.